Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қорықпаңыздар…”. Ауадағы радиациялық фон шекті көлемнен асқан жоқ – министр

https://kaz.365info.kz/maskhara-boldy-auaga-tarap-ketken-radiatsiyaga-khatysty-europanyn-ajyby-rastaldy-290568

Біз ондайды өндірмейміз. Екіншіден, көршілер. Оларда мұндай технология бар, оның үстіне рутений – уран-235 элементі ыдырағанда шығатын өнім. Ал жалпы ауа-райының жағдайына келсек, ауа-райына тараған нәрселерді өлшеумен Қазгидромет айналысады.

Қыркүйек айында Астана мен Алматы, сол секілді еліміздің басқа қалаларының, соның ішінде Челябинскі облысымен шектесіп жатқан Қостанай облысының, жалпы саны 85 метеорологиялық стансасы ауаның ластану деңгейін тексеріп, нақты нәтижелерін жариялады.

Оған сүйенсек, қыркүйек айында елді-мекендердегі гамма фон 1 сағатына 0,08 немесе 0,21 микрозивертті көрсеткен. Облыстар бойынша бұл көлем 0,11-0,16 болды. Түсінікті болу үшін бұл арада қалыпты норма 0,57 екенін айта кетейін.

Бұл арада Қазгидромет рутений деңгейін жекелей зерттемейтінін айта кеткен жөн, олар жалпы ауада радиоактивті улану болды ма, жоқ па, соны анықтайды, – деді министр Қанат Бозымбаев.

Айта кетелік, Еуропаның бірқатар елдерінің төбесінен рутений-106 — радиациялық қалдығы бұлттармен көшіп өткен. Бұл жайтты қыркүйектің соңы мен қазан айының басында МАГАТЭ тіркеген. Еуропа ғалымдары бұл улы қалдықты Ресей немесе Қазақстан таратуы мүмкін деп болжам айтқан. Мұндай ауыр айыптан соң Қазақстан ресми түрде бұған қатысы жоқтығын мәлімдеп еді. Өз кезегінде Ресей де мұның мүмкін еместігін айтқан.

Алайда Гринпис Россия агенттігі қыркүйектің соңында Росгидромет елдің аумағында ауаға рутения-106 улы қалдығының бөлінгенін тіркеген деп хабарлады. Улы қалдық Оралдың оңтүстігіндегі Росатомға тиесілі «Маяк» комбинаты маңынан шыққан. Бірақ «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бұл фактіні жоққа шығаруда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз