Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-13
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

“Қорықпайды ғой…”. Саясаттанушы Иран қазақтары біз туралы не ойлайтынын айтты

452

Кейбір дерек бойынша, Хаменей отбасын Түркияға қашырып жіберіпті. Наразы топ пен полиция қақтығысы салдарынан 22 адам көз жұмған. Мамандар бұл 1979 жылғы оқиғаға қатты ұқсастығын айтып қалуда. Оның ақырында биліктегі шах елден қуылған еді. Ал бұл жолы не болады, немен тынады? Әзірге, ол жағы беймәлім.

„Тегеран билігіндегі діни және ресми өкілдері абдырап, не істерін білмей отыр„

деп жазады батыс басылымдары. Әр дерек көздеріндегі мәлімет әртүрлі.

Бірі бұған АҚШ-ты кінәласа, бірі Сауд Арабиясының қатысы бар деуде. Одан кейін Израиль де айыптала басталды. Ол жағы түсінікті де ғой. Әзірге, Ресей нейтралды позиция ұстануда.

Қызыл Кремль бұл Иранның ішкі мәселесі, оған араласпаймыз деп мәлімдеді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы жағдайға байланысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін шақыруды ұсынды.

Қалай дегенмен де Иран билігі Telegram мен Іnstagram желілерін бұғаттады.

 

Ирандағы билік туралы бірер дерек:

Иранда жемқорлыққа белшесінен батқан авторитарлық режим үстемдік етеді. Ислам республикасы болса да кезіндегі шах режимінен қатты айырмашылығы жоқ: барлық жерде коррупция, бюрократия. Иран билігінің тұтқасын исламшыл билік алғалы 38 жыл ішінде дінбасылар, Ислам төңкерісі сарбаздары корпусының басындағылар ұлттық ресурстан түсетін табысты теңдей бөліп алып отырған. Ең табысты кәсіпорындардың тізгінін дінбасы Хаменеи мен Ислам төңкерісі сарбаздары корпусындағылар ұстайды.

Соңғысы Иран экономикасының төрттен бір бөлігін өз бақылауына алған, соның ішінде қаржы жүйесі де бар. Khatam Al-Anbia Construction Company аты қару-жарақ фирмасы да осыларға тиесілі.

Transparency International келтірген мәлімет бойынша, сыбайлас жемқорлық көрсеткіші бойынша Иран 175 елдің ішінде 136-орынды иелік етеді. Иранда жеке кәсіп ашу, жұмыс табу өте қиын.

Иран қазақтары Атамекеніне орала бастайды

 

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

– Ирандағы ереуіл жемқор билігі бар елдің барлығына сабақ болуы керек. Бұл халықты енді алдап ұстау мүмкін еместігін білдіреді. Халық, халықтың сана-сезімі қазір қатты өзгерді. Оны, тіпті діни, ұлттық фанатизммен де ұстау мүмкін болмауда. Елге керегі – жайлы өмір. Оны жасамайынша, кез келген билікке тыныштық жоқ. Бұл арадағы ақиқат осы.

Мәселен, Иран бұл жолы қатты дайындалып шығыпты. Ереуілге шыққандардың 70 проценті жастар, оның басым бөлігі қыз балалар. Әрине, студенттер ғой.

Ал ислам мемлекетінде қыз баланы қолынан ұстамақ түгілі, бетіне тік қарауға болмайды. Сондықтан да бұл арада кісі шығыны аз болды, әйтпесе бұдан да зоры болар ма еді, қалай?..

Бұл – бір.

Екіншіден, өзгенің соғысына жастар қазір барғысы келмейді. Соғыстан әбден запы болған. Оларды енді діни ұрандар да соғысқа айдап сала алмайтын сынды. Сондықтан Газа, Сирия, Ливандағы соғысқа бармайтындарын айтып, наразылық танытуда. Бұл да үлкен өзгеріс.

Үшіншіден, Аятолла режимі құласа да, құламаса да оның Қазақстанға жанама кері әсері бар. Өйткені Иранның жағасына АҚШ баяғыда жармасып қойған. Қаншама жыл санкцияда болды, енді оны тағы қайталап салмақ. Ал санкция салынған елмен қарым-қатынас ұстағандар да белгілі бір деңгейде санкцияға ұшырап кетеді. Сондықтан бұл арада біз нейтралды ұстаным ұстанамыз.

Төртіншіден, бұл Ресейге қиын тиеді. 2013 жылы Иранды құрыды деп жазды көп басылым. Бірақ Ресей Украинада соғыс бастап, АҚШ-тың назарын бұрып кетті. Ал бұл жолы не істейді олар? Бірдеме қылу керек, әйтпесе кезек өздеріне келеді. Осы жағынан алғанда, Парсы шығанағында үлкен геосаяси ойындар басталайын деп тұр.

Сондай-ақ саясаттанушы Ирандағы қазақтардың елге орала бастауы мүмкін екенін болжайды.

– Олар Қазақстанда тұрмыс нашар деп ойлайды. Тура Ауғанстандағыдай. Бірақ қазір Интернеттен көріп-біліп, қызығып отырғандар көп көрінеді. Иранның экономикалық ахуалы одан әрмен әлсірей берсе, ондағы қазақтар Атамекеніне бет ала бастайды деп ойлаймын. Өйткені ондағы қазақтардың көбісі шағын кәсіппен айналысады. Ал тәртіпсіздік, қиын-қыстау кезеңде оларға қиын болады. Ұры-қарының шүйлігетіні ұсақ кәсіпкерлер болады ғой, өзі осындай аласапыран кезде, – дейді ол.

Иранға соққыны Ресей өзіне жасалғандай сезінуде. Мұны ресейлік саясаттанушылар айтып қалып жатыр.

Ресей есеңгіреп қалды…

Александр Шумилин, ресейлік саясаттанушы, шығыстанушы:

– Қазір біздің биліктегілер демін ішіне тартып екі жағымсыз жайттың көрінісін күтіп отыр. Біріншісі – көтерілісшілер Аятолла режимін құлатып, Ислам төңкерісі сарбаздары корпусының әскерін Сириядан шығарады, әйтсе Дамаскідегі Асад режиміне де тықыр таянады. Онда Ресейдің екі әскери базасы да құриды.

Екіншісі – режим көтерілісшілерді күштеп басады, сөйтіп азаматтық соғыс бұрқ етеді, тура Сириядағыдай. 2011 жылы солай болған еді ғой. Онда Аятолла әр жерге тасталған әскерін (Сирия, Ирак, Ливан) Иранды қорғау үшін жинап алады. Мұндайда Асад режиміне тағы да тықыр таянады, бірден құри қоймасы белгілі, бірақ жағдайы мүшкіл болады. Ресейдің әлеуеті де әлсірейді.

Әрине, бұлай болады деп Мәскеу мүлдем күткен жоқ. Әсіресе, Ресей әскерін Сирияға кіргізген кезде. Бұл Асадтың ғана емес, Тегеранның да өтініші болған. Мәскеу Аятолла режимі тұрақты деп қарастырып, ұзақ мерзімге жоспар құрған еді. Әзірге, биліктен бастап сарапшыға дейін үнсіз. Соған қарағанда Ресей есеңгіреп қалды…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз