Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Қорықпа қызым…”. Озбыр күйеуінен қашып, барар жері болмаған Ақгүлдің анасы табылды

167

https://kaz.365info.kz/alyp-ketedi-goj-tagy-diyu-kyjeuinen-khashkhan-khyzylordalykh-ajel-zhyrttan-komek-syrady-323339

Ажырасқан, Төретамға бұрынғы күйеуіне барған, баламды көрсетші деген соң. Аралда күйеуі қайтадан қызымды ұра бастапты. Ақгүл қашқан жағдайда, оны іздеп тауып, өлтіруге уәде берген.

Ақгүлге біреу Ақтөбеде дағдарыс орталғы бар екенін айтыпты. Ақгүл психиатр дәрігерінің тізімінде тіркелген. Ол қорқып, қашып кетуді жөн көріп, маған жүрегім әлсіз болғандықтан айтуға қорыққан болар, сірә”, – деді Ақгүл Баялованың анасы.

Күлжахан Алматаеваның Ақгүлге жақсы адамдар көмектесіп, қолдағаны үшін алғысы шексіз.

“Қызымның жолында жақсы адамдар кездескеніне ризамын. Егер оған пиғылы жаман адамдар кездесіп, дәрі енгізіп құлдыққа алып кетсе не бетімді көресетер едім. Өмір болған соң, барлығы болады.

Қазір Ақгүл кішкене болсын тынышталды. Мен оған қорықпауын, ешкімге тиіскізбейтінімді айттым. Көмек қолын созған барлық адамға алғысымды айтамын.

https://kaz.365info.kz/lyajsirany-kyjeuge-berip-alajyn-tyrsyn-alagozov-tagy-da-yjlenbekshi-foto-323836

Ақгүлде екі ағасы, өзінің үйі бар. Өзім мұғаліммін, немеремді бағамын. Оған жарамсыздығымен жұмыс орнын табу оңай емес, бірақ біз бірдеңесін ойлап табармыз”, – дейді Күлжахан Алматаева.

Бүгін Ақгүл мен оның баласы Дархан үйіне қайта оралады. Отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған “Малика” дағдарыс орталығы Ақгүл өзінің туыстары бар екенін мүлдем айтпағанын мәлімдеді.

https://kaz.365info.kz/yrgany-bar-yzatu-tojyndagy-khalyndykhtyn-khylygy-zhaga-ystatty-video-323830

“Ақгүлмен психолог жұмыс істеді, бірақ ол тек кеше анасы бар екенін айтты. Негізі әйелдер қалыптасып, ашылу үшін бірнеше күнді қажет етеді. Күні кеше Ақгүлдің анасы келді. Өте тартымды әйел. Ол маған бәрін түсіндіріп, құжаттарын алып келді. Ақгүл анасымен сөйлесті. Ұлы әжесін көргеніне риза болып қалды. Олар кетіп қалды”, – деді дағдарыс орталығының директоры Динара Карабалина.

Осыған дейін 35 жастағы әйел өзінен 11 жас үлкен экс-күйеуіне, тіпті оның әпкелерінен де зәбір көргенін айтқан. Ажырасқаннан кейін де жағдай өзгере қоймаған. Екінші топтағы мүгедек Ақгүл Баялова Ақтөбеге билет алып, ақыры қашып құтылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз