Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қорғаныс және денсаулық министрліктерінің құпиясы Қазақстан экономикасына зиян келтіруде

163
Тері және былғары шикізатын қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы  Бейбіт Рахимгалиев мемлекеттік қаржы институттары кәсіпорын құрудың бастапқы кезеңінде ғана қаржылық қолдау көрсетеді, бұдан кейінгі шығындарды қарастырмайды деп есептейді. Нәтижесінде

мемлекет миллиардтаған қаржы жұмсаса да, кәсіпорын  жұмыс істемейді

Ол 300-400 мың еуро тұратын жабдықтарды тот басып, комбинат шикізат өңдеудің арқасында ғана жұмыс істеп тұр.

Біздің солдаттар импорттық төсек-орын жабдығында ұйықтайды

«Azala» компаниялар тобының бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Жамалов мемлекеттік тапсырыс берушілер үнемі шарт талаптарын өзгертіп отырады дейді. ҚР Қорғаныс министрлігі отандық төсек-орын жабдығының орнына ресей және украин өнімдеріне басымдық береді.

Жамаловтың пікірінше AZALA Textile тоқыма компаниясының ауруханалар мен армияға қажетті кез келген дайын өнімді дайындап, қамтамасыз ете алады. Оның қуаты айына 100 мың метрді құрайды (орта есеппен 1,5 — 2 млн евро). Мәселен кәсіпорынның түкті өнімдері сапасы бойынша Zara Home-мен бәсекелесе алады.  Сондай-ақ компания фабрикаларында мақта өндіріледі.

Шымкентте тағы бір комбинаттың құрылысы жүріп жатыр

Ал

ҚР денсаулық министрлігі импорттық төсек-орын жабдықтарын таңдайды. Ауруханалардағы 100 мың кереуеттің 450-іне ғана отандық төсек-орын жабдығы жабылған

2016 жылы «Azala» компаниясы  қорғаныс министрлігімен 3 жылға келісімшарт жасады. Оны кейіннен 5 жылға ұзартты. Бірақ оның шарттары үнемі өзгеріп отырады.

«Бізге 5,3 млрд теңгеге қосымша инвестиция салу туралы шарт қойылды. Біз жабдықтарды сатып алып, кәсіпорынның ауқымын кеңейте бастадық. Екі жылдан кейін министрлік тағы өзгеріс енгізгендіктен кәсіпорын тағы  $1,2 млн ақшаға жабдық сатып алуға мәжбүр болды.

Осындай өзгерістерден кейін 2020 жылы Қорғаныс министрлігі бес жылдық шарттан бас тарту туралы шешім қабылдады.

«Біз бұлай жұмыс істей алмаймыз, біз өте күрделі жағдайдамыз

біз инвестиция салғаннан кейін министрлік бір сәтте шарттың күшін жоя салады»,

— дейді Жамалов.

Қазақстанда жасалған

Қорғаныс министрлігі өз кезегінде елде шығарылатын өнімнің сапасы олардың көңілінен шықпайтынын айтты. Нәтижесінде армияға арналған арнайы киім-кешек ресей, белорус және қытай өндірушілерінен сатып алынады. Бұл отандық мата өндірушілерінің жағдайын жақсартпайды.

«Біздің компанияның өнімдері барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді

— дейді компания басшысы. — Біз рип-стоп материалдар, соның ішінде, полиэстер, полиэкранды маталарды пайдаланамыз, сондай-ақ ресейлік «Чайковский» компаниясы немесе белорустің «Моготекс» өндірушісі тігетін нысанды киім-кешектерді тігуге арналған су жаңа жабдықтарымыз бар.

Джамаловтың пікірінше қысқы әскери киімнің жиынтығы 18 мың теңге тұрады, бұл Қорғаныс министрлігі үшін өте қолайлы баға.

«Алайда өткен жылдың қорытындысы бойынша біз армияға жоспарланған 15 млрд-тың орнына 1,5 млрд теңгеге өнім жеткіздік. Бұған солдаттарға арналған төсек-орын жабдығы кірмейді, өйткені бұл өнімдерге сұраныс болмады. Біздің солдаттарымыз басқа елдің төсек-орын жабдығын жамылады.

Қорғаныс министрлігі өндірушілер туралы ақпаратты құпия ұстап отыр

Олар тек отандық өнімнің орнына дайын өнімдерді сатып аламыз деп жауап береді».

Яғни

кез келген трейдер Қытай мен Өзбекстаннан арзан матаны сатып алып, «Made in Kazakhstan» дайын өнімін шығара алады

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі басқа елдерден нысанды киім-кешектерді сатып алып, олардың экономикасын қаржыландырады.

Біздің нарықта жүргенімізге 14 жыл болды, матамыздың барлығы дерлік экспортқа кетеді деуге болады. Біздің  бояусыз маталарымызды Еуропа қабылдап отыр, өнімнің сапасы туралы шетелдіктер шағым айтпайды. Үлкен көлемі Италия, Германия, Литва елдеріне жеткізіледі, еуропалықтар онда біздің маталарға өз суреттерін салады.

Дәлірек айтар болсақ, біз өндірген өнімнің тек 1%  ғана ішкі нарыққа шығарылады»

Парламент тыңдауларын күтейік

Дариға Назарбаева әріптестеріне талапты күшейту үшін заңнаманы қайта қарауды ұсынды. Нақтырақ айтқанда, келісімшарттардың талаптарын күшейту. Сондай-ақ контрабандалық өнімдердің басым бөлігін жеңіл өнеркәсіп тауарлары құрайды деген пікір білдірді.

Бұл тақырыптардың барлығы зерттеліп, парламент тыңдауларына талқылауға дайындалды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз