Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде екі жылда не істелді?

222

2016 жылғы 6 қазанда ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚАӨМ) құрылған кезінен бастап, оған Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қажетті қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету бойынша міндет қойылды.

Министрліктің екі жылдық жұмыс қорытындылары бойынша отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін (ҚӨК) дамытуды жүйелендіру бойынша қандай жұмыстар жүргізілгені және қандай нәтижелерге қол жеткізілгені туралы ҚР ҚАӨМ ҚӨК дамыту департаментінің директоры Марат Қарабаев былай дейді:

Бүгінгі таңда Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі сенімді түрде қарқын алуда. Жаңа көзқарастарды жүзеге асыру нәтижесінде қорғаныс өнеркәсібі бірқатар мақсатты көрсеткіштер, оның ішінде еңдек өнімділігі бойынша өсімді көрсетіп отыр. Біздің ҚӨК кәсіпорындары шығаратын өнімдер сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болып табылады. Одан басқа, әскери техниканы әзірлеу азаматтық салада да қолданылатын жоғары ғылымды қажет ететін технологияларды дамыту үшін серпін болып табылады, – дейді ол.

Расында, бүгінде сала алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешу үшін кәсіпорындардың қолда бар қуаттылығын жаңғырту және еңбек өнімділігін арттыру қажет. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау және қару-жарақтың перспективалық жүйелерін әзірлеу үшін салаға жоғары білікті мамандардың келуі де өте маңызды фактор.

Марат Қарабаев айтқандай, жоғары білікті мамандарды тартуға ықпал ететін шарттардың бірі — еңбекақының өсуі еңбек өнімділігін арттырудың озыңқы қарқыны болып табылады. Отандық қорғаныс өнеркәсібі кешеніне жоғары білікті мамандарды тарту еңбек өнімділігінің өсуіне және осы салада жоғары технологияларды жасауға сапалы серпін беретіні шындық.

Бүгінгі таңда Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені – 8 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған 40-тан астам кәсіпорыннан тұратын ғылымды қажет ететін жүйе.

Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің ең негізгі діңгегі 20-дан астам машина жасайтын кәсіпорындарды біріктіретін, әрі 2003 жылы құрылған «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы болып табылады.

Марат Қарабаев өзінің Министрліктегі жұмысында өнеркәсіп инфрақұрылымын жаңғыртуға және шығарылатын өнімдер тізбегін әртараптандыруға күш салатынын айтты:

— Соңғы жылда қорғаныс-өнеркәсіп кешені зауыттарында станок паркін, технологиялық жабдықтарды жаңарту басталды. 2017 жылы еңбек өнімділігі 52 644,5 АҚШ долларын құрады және 2016 жылмен (32 789,6 АҚШ доллар) салыстырғанда 60 пайызға бірақ өсті. Айта кетсек, бұл машина жасау саласындағы республикалық орташа деңгейден 2,4 есеге жоғары. Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу өндіріс технологияларына жаңа әдістерді енгізудің, кәсіпорындарды жүктеудің және ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сауатты менеджментінің арқасында іске асты, – деп қосады Марат Қарабаев.

ҚР Қорғаныс және Аэроөнеркәсіп министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры келтірген маңызды ақпараттарға сенсек, жоспарланып отырған «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ мен «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ жаңғырту аясында өндірістік қордың 40% жаңартылатын болады.

Сонымен қатар, бұл жаңғырту жоспарлары кәсіпорындарға өндірілетін бұйымдарды оқшаулауды ұлғайтуға және көтеру агрегаттары, ұңғыларды цементтеуді бақылау жүйелері сияқты азаматтық мақсаттағы өнімдердің жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік береді.

Жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша 100-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады, жыл сайын бюджетке салықтық төлемдер түрінде шамамен 1 млрд. теңге құйылатын болады, ал кәсіпорындардың өнімділігі 1,5 есе артады делінеді. Зауыттарды одан әрі қорғаныс, сондай-ақ азаматтық өнімдермен жүктемелеу 2021 жылы өнімдер көлемін тағы 40 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз