Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-9
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

Қордайдың жанды жері: есірткі тасымалы, контрабанда және билікті өзара бөлісу

1077
Д. Ашимбаев. Сурет: voxpopuli.kz

Қордай ауданындағы  10 адам қаза болып, ондаған адам жарақат алған ұлтаралық қақтығыс ретке келтірілді. Аудан біртіндеп бейбіт өмір қалпына келе бастады. Мектептер мен балабақшалар жұмысы қалпына келтірілді. Алдын ала жасалған болжам бойынша материалдық шығын көлемі — 1 млрд теңгеден жоғары.

Бірақ сарапшылардың билікке қояр сұрағы көп. Мәселен, мұндай қақтығыстардың алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылды? Тәуелсіз Қазақстан тарихына көз жүгіртсек, қантөгіске дейін жеткен бірнеше ұлтаралық жанжалдар бар. Саясаттанушы Данияр Ашимбаев жақын арада жүйелі шаралар қабылданатынына сенбейді.

Отставка мен тағайындау

— Қалай ойлайсыз, Асқар Мырзахметовты қызметінен отставкаға жіберу — батыл шешім бе әлде қорқақтық таныту ма?

— Мен Мырзахметов өз еркімен отставкаға кетті дегенге сенімді емеспін. Ол халық алдына шығып, өзінің шешімін хабарлаған жоқ. Бұл жаңалық лауазымынан кету туралы шешімді президент қабылдағаннан кейін пайда болды. Ал ол отставкаға кетерден бір-екі сағат бұрын президент Мырзахметовке Қордай ауданының әкімі мен оның орынбасарын жұмыстан шығару туралы тапсырма берген болатын. Менің ойымша Асқар Исабеков отставкаға кету туралы ойлаған да жоқ. Әрине ол тәжірибелі саясаткер дегенмен, министр ретінде де, әкім ретінде де өзін көрсете алмады. Аймақты шұғыл жағдай орнағаны түсінікті, билік барлығын жылы жауып қоя алмайды.

— Неліктен Бердібек Сапарбаев облыс әкімі болып тағайындалды? Ол нені өзгерте алады?

— Сапарбаев — көпті көрген адам. Ол республикада рекорд орнатып, осымен бесінші аймақты басқарып отыр. Дегенмен менің ойымша ол кейінгі жылдары тәжірибесімен емес, өзінің беделімен көп мәселенің шешімін таба біледі. Вице-министр ретінде ол көптеген тақырыптың шешімін табуға атсалысты. Олардың барлығы шешімін тапты деп айту қиын. Бірақ Бердібек Мәшбекұлы әрқашан көптің алдында жүреді және халықтың құрметіне ие.

Сондықтан соңғы жылдарда Жамбыл облысында пайда болған саяси вакуум белгілі бір уақытқа толды деп айтуға болады

Қандай да бір жүйелі шаралар қабылдайды деп айту қиын. Себебі, бұл жалпы мемлекеттік саясаттың меншігіндегі мәселе.

Көкейде жүрген көп сұрақ…

— Сіздің ойыңызша, осы қақтығыстың басты себебі неде?

— Менің пікірімше, оның басты үш себебі бар. Біріншіден, түрлі этностың өзіндік кәсіби мамандығы бар. Біреулері музыкаға жақын болса, екіншісі саудаға, басқа біреулері медицинаға жақын. Алайда осы жалпы психологиялық бейінділікпен бірге кейбір көлеңкелі тұстары бар. Кейбір халық жылқы ұрлаумен айналысады. Басқалары есірткі саудасына жақын, үшіншілерінің контрабандаға қатысы бар. Әрине, бұл бір этностың барлық өкіліне қатысты деп айтуға болмайды, бірақ осы тексес қалыптасқан пікірлер бар.

Қандай да бір саладағы басымдылықтың бөлінуін белгілі бір этнос бақылап отырған. Көлеңкелі секторлар туралы айтқанда ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы сөз болады. Олар осы аймақта тұратын ұлт өкілдерінен құралған.

Биліктің қолында бұл туралы ақпарат бар. Бұндай  көлеңкелі топтар көбіне атқарушы биліктің, әкімшіліктің немесе  жергілікті күштердің жеке өкілдеріне ықпалын жүргізіп отырған. Барлығы «су ішіп отырған құдық» болғандықтан, ешқандай шара қолданылмаған.

Билікті өзара бөлу

— Әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлағандықтан, соңғы уақытта көлеңкелі салалар да жоғары жақтан  өз қамқоршыларын тапқан. Бұған дейін қазақстандық жоғары қызметтегі шенеуніктің туысқандары Қордайдағы кеденді бақылауды ұстайды деген әңгіме талқыланған болатын. Осы себептен бірнеше жыл бұрын қырғыздармен арада жанжал туған. Бұл контрабанда ағымын қайта бөлудің ресми каналдарына байланысты.

Дүнген диаспорасы Қырғызстан мен Қытай арасындағы контрабандалық саудаға қатысы бар екенін маған айтқан болатын. Тағы да қайталаймын, мен бүкіл диаспораға топырақ шашпаймын. Мен сипаттап отырған жағдайға диаспораның белгілі бір бөлігінің қатысы бар.

Қайта бөлу басталғанда жағдай этносаралық қақтығысқа ұласты. Бізде этносаралық қылмыс бар, ол жан-жақты зерттеуді қажет етеді деген мәселе көптен бері көтерілген. Бірақ осыған қатысты келтірілген кез келген мәлімдемеге билік бізде этникалық қылмыс жоқ,  тек ұлтаралық келісім мен тұрақтылық бар деп, бәрін жылы жауып қоятын. Сондай-ақ бұл іске араласпауды өтінетін.

Мониторинг және ұлтшылдық

— Екінші себебі, бізде дұрыс жүргізілген ішкі саяси және ұлтаралық мониторинг жоқ. Қазақстанда жүйелі түрде зерттеу жүргізіп мәліметтер базасын ұсынатын ғылыми орталықтар жоқ. Ұлттық саясат тек насихат жүргізіп, ақшаны далаға шашумен айналысады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бюджетіне назар салып қарасаңыз, менің не туралы айтып жатқанымды түсінесіз. Байқаулар, клубтар, флешмобтар. Жүргізілуі мен нәтижесі түсініксіз әлеуметтік зерттеулер де көп. Көңілде бірден карновалдық шерулерге шашылған ақшаға қатысты сұрақ туындайды.

Әкімшілік те, әскери күштер де әлсіз мониторинг жүргізеді. Бір жерде даулы мәселе туындамайынша, ешкім оған назар аудармайды.

Үшінші себебі — жоғары биліктегі кейбір тұлғалардың қолдаумен қоғамда агрессияшыл ұлтшылдық белең алуда. Жеке алып қарағанда “ұлтшылдық” кең ұғым, дегенмен

көзсіз ұлтшылдық идесы ең алдымен тұрмыстық салада көрініс алуда

Моловодныйда болған, сондай-ақ Қордайдағы жағдайға қатысты халықтың іс-әрекетіне қарап сондай ұлтшыл қоғамдық көзқарастың кең тарағанын байқауға болады.

Ұлттық насихат пен арандатушылық Қордайдағы оқиғаның туындауына себеп болған жоқ, тек бұл жағдайдың әрі қарай ушығуына ықпал етті. Көлеңкелі контрабандалық жолдарды қайта бөліске салу жайлы сөз болғанда ұлттық фактордың маңызы шамалы екені түсінікті. Ал бәсекелес ұйымдасқан топты ығыстыру үшін  патриотизм мен ұлттық басымдық тақырыбын пайдаланудың мәні бар.

Тіл мәселесі

— Әлеуметтік желілерде  Қазақстандағы тілге қатысты даулы мәселені тәртіпсіздіктің басты себебі ретінде атап отыр. Былайша айтқанда, барлығы содан басталған. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?

— Қазақстан көп этносты, көп ұлтты мемлекет. Қазақстан тарихи тұрғыдан алғанда кімнің жері деген мәселеге байланысты тоқтаусыз талқылауға болады. Ал заманауи Қазақстанды оның территориясында өмір сүріп жатқан ұлттың бәрі бірге құрды.

Сондықтан замануи Қазақстанды құруға атсалысқан барлық ұлтты  қазақтар секілді осы елдің байырғы тұрғындары деп қабылдау керек

Әрине, тіл мәселесі де бар. Орыстандыру бәріне кінәлі дегенде, кеңес үкіметі кезінде көптеген қазақтардың өзі саналы түрде қазақ тілінен бас тартқанын да ұмытпайық. Сондықтан дәл осы жерде барлығы тілге қатысты туындады деп айту қисынсыз екені түсінікті.

Бұл  бұрыннан келе жатқан мәселе, кінәлілерді табу үшін оны осынша саясиландыру дұрыс емес

Қордайда болған оқиғаның:  қадағалау аз болды, ұйымдастыра алмады, ойламады, көз жұма қарады деген бірнеше деңгейі бар. Жүйелі мониторинг және терең талдау жүргізіп шешетін мәселелер бар.

Оң өзгерістер бар, бірақ…

— Жаңаөзендегі жағдай бір күнде пайда болған жоқ, ол жылдар бойы қордаланған мәселе. Бірақ әлі де шешімін тапқан жоқ.  Онда бүгінге дейін шиеленіс сақталып тұр.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасын қабылдағанда, көптеген адамдар оларды кешенді дамыту туралы айтты. Бірақ ешқандай жүйелі шаралар қабылданған жоқ

Бұл  кез келген проблемаға қатысты жағдай. Мемлекеттік органдарға көп ұсыныс түседі. Олар  қазіргі кезде бізге иедя емес, тыныштыққа шақыру туралы үндеу  керек деп жауап қатады. Немесе: “сіздердің идеяларыңыз жақсы, бірақ оларды кейін қарастарамыз” дейді. Әрине кейін бұл туралы ұмытып  кетеді.

Осыған ұқсас жағдай туындаған кезде  мәселеге кешенді түрде талдау қажеттілігі туралы айтылады. Насихаттау жұмысының тигізер пайдасы аз.

Соңғы жылдары биліктің жұмысын үйлестіру жақсы жаққа өзгеруде. Бірақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселе көп. Түбегейлі және жедел шаралар қабылдамайынша ешнәрсе өзгермейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз