Рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастаған тұрғындар енді қыруар айыппұл төлейді. Экология министрлігі тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға төкпейтін қазақстандықтарға салынатын айыппұлдың мөлшерін көбейтуді ұсынып отыр. Енді габаритті қалдықтардан бөлек, ескі жиһаз, сынған тұрмыстық техниканы кез келген жерде қалдырған азаматтар қалтасынан қыруар қаржы санап беруі мүмкін.
Министрлік өкілдері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске өзгеріс енгізбек. Онда жеке тұлғаларға белгіленген айыппұл көлемін 185 мың теңгеден (50 АЕК) 740 мың теңгеге (200 АЕК) дейін ұлғайту көзделіп отыр. Ал лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 100-ден 700 АЕК-ке дейін өсіру қарастырылған.
Орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 1000, ірі кәсіпкерліктер үшін 2000 АЕК-ке дейін өсіру ұсынылған. Өзгеріске сәйкес, заң талаптарын екінші рет бұзғандардың айыппұлы екі еселеніп, бизнесмендердің көлік құралдары мен мүлкін тәркіленеді.