Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-10
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“Қой терісін жамылғандар…”. Қырғыз билігінде кімдер отырғанын білесіз бе?

122

Сонымен Дубовцев не дейді?

Қырғызстанда демократия бар ма, жоқ па?

Болған. Бұл елде не көп? Үкіметтік емес ұйым. Көп, өте көп. 15 мыңнан асады. Ойлап көріңіз, 15 мың. Жұрт бұлардың не істеп, не бүлдіріп жатқанын біледі дейсіз бе? Қайдам…

Олардың бәрін сырттан сүйемелдеп отыр. Содан шығар, сырттың сөзін сөйлейді. Ақша берушінің айтқанын істейді. Халық қызықтырмайды бұларды.

Бұлар немен айналысады? Бүлдірумен. Бұларға тұрақсыздық керек. Ниеттері сондай, мүдделері осы. Сапындағы белсенділерді алдыға салады сол үшін.

Мұндайларды жалған оппозиция дейді.

Қырғызстан бай ел ме? Жоқ. Қайыршылық шегіндегі адамды алаңға алып шығу оңай.

Қырғызстандағы бір емес, бірнеше төңкерістерді кімдер ұйымдастырды? Үкіметтік емес ұйымдар.

Ақаев пен Бакиевке көңілі толмаған қауым алаңға шыққанда, мұның арты қалай аяқталарын аңдаған жоқ. Арнайы дайындықтан өткен арандатушылар жүрді араларында. Солардың сөзіне ерді есіл жұрт…

Алдымен Ақаев тағынан тайды. 2005 жылы. Бакиев келді. Ол да алдыңғының тағдырын қайталады. 5 жыл өтті ме, өтпеді ме? Елден қашты.

Қырғыздар неге ашуланды? Неге көңілі толмады? Тұрмысқа. Тұрмыстың ауырлығына. Күнкөрістің қиындығына. Жемқорлық, қымбатшылық жан-жақтан анталады.

Ашу – дұшпан. Наразылықтың арты аймақтар арасындағы айқасқа алып келді.

2010 жылғы Ош пен Жалал-Абадтағы этникалық жанжал соның дәлелі.

Қырғыз да, өзбек те аянып қалған жоқ. Саясат сыртта қалды, этникалық себеп басты орынға шықты.

Батыс қайтті? Қырғызстандағы төңкерісті демократияның жеңісі деп бағалады. Қырғыз оппозициясын аузынан суы құрығанша мақтады келіп.

Батыстың болжауынша Орта Азиядағы демократия аралына айналған Қырғызстанда бұдан кейін тұрақтылық орнауы тиіс еді. Қырғыздар Батыстың жолымен жүруі керек еді.

Не өзгерді?

Ата заңы өзгерді бұл елдің. Президенттің құзіреті қысқарды. Үкіметтің, парламенттің пәрмені кеңейді.

Уақыт нені көрсетті? Қырғызстан сол қалпында қалыпты. Батыс үміт күткен үдеден шыға алмапты. Толыққанды парламенттік мемлекеттке айнала алмапты.

Жоғарғы Кеңестің аты болғанмен, абыройы жоқ екен.

Мемлекеттік деңгейде заң бұзған шенеуніктердің ішінде жазаға тартылғандары санаулы ғана.

Неге? Неге солай? Себебін білгіңіз келе ме?

Себебі мынада: Жоғары кеңесте отырған партиялардың барлығы елдегі ірі бизнеспен байланысты. Анығы, бұлардың бәрі бірі-бірімен ауыз жаласқан. Бірінің құпиясын бірі біледі. Келіседі. Ымыраға келеді.

Ал халық ше? “Халықты қоя тұршы”, дейді олар.

Қылмыс әлемінің серкесі деген түсінік болған бір кездері. Қазір де бар. Еміс-еміс естіп қаламыз. Қырғызстанда бұл әлі күнге дейін қалыпты құбылыс.

“Ферғана” ақпарат агенттігі мұндай серкелердің талайын әшкерелеген. “Қырғыз мафиясы: ресми билік” деген зерттеуде партия құрамына кірген, артынан депутат атанған криминалдардың аты аталған.

Криминиал Қырғызстандағы саяси сахнаның өн-бойына енген. Тамырына тарап кеткен.

Білетіндердің айтуынша, соның бірі Ыстықкөлде құрылған “Табылғы” партиясы. Мұның құрамында кімдер бар? Өңшең спортшылар. Жәй емес, қылмыс әлеміне қатысы бар.

2016 жылғы Қаракөл мен Шолпан ата қалаларында өткен жергілікі сайлауда әлгі партия алда келді. Бірінші орын алды. Президент сайлауында да “Табылғы” тым белсенді болды. Солай.

Сонымен не айтпақпыз?

Қылмыс әлеміне қатысы барлар жергілікті билікті қойып, парламентке өтуге талпынып жатыр.

Сенбей отырсыз ба?

“2015 жылғы парламенттік сайлауда бағын сынаған 2 мыңға жуық үміткердің 234-іне қатысты бір жылдары қылмыстық іс қозғалған, 15-і тергеуде болған, 3-іне іздеу салынған. Өзіміз де таңғалып отырмыз”, деп хабарлаған Қырғызстан полициясы.

Бұлар кімдер? Кім екенін, ілгеріде айттық.

Бір білсе, Ферғана біледі. Ақпараттық агенттік: “Қырғыз парламентінде қылмыс әлеміне қатысы бар бір емес, бірнеше адам бар” деген.

Иә, олар өзгерген. Қой терісін жамылған. Ажырату қиын. Айыру қиын. Алдыңызда бір кездегі ұйымдасқан қылмыстық топтың серкесі тұрғанын әлгінің “делосын” ақтарғанда барып бірақ білуіңіз ғажап емес.

“Қазір олар қылмыскер емес. Шенеуніктер. Бір қолымен билікті, бір қолымен бизнесті тербетіп отыр. Барлық жерге басын сұққан”, – дейді бұл ретте журналист Семетей Таласұлы.

Тегін емес. Сөзінің жаны бар.

Ауғанстан және апиын

Қырғызстан арқылы есірткінің солтүстік маршруты өтеді. Анығы, Қырғызстан делдал. Ауғанстан мен Ресейді, одан әрі Батысты байланыстырып отыр. Сарапшылардың сөзінше, қырғыз жері арқылы ауған апиынының 30 пайызы өтеді.

Бұл не? Бұл ақша? Қой терісін жамылған қасқырлар апиынды тегін өткізеді деп ойлайсыз ба? Олар да ұртын майлауы керек қой. Солай емес пе?

Есірткі бизнесі Қырғыз билігінің барлық бұтақтарын былыққа батырған. Арам ақшаға құнықтырған.

Есірткі бизнесіне еліткен аймақтар да белгілі. Ош, Баткен, Жалал-Абад, Шу облысы. Ауған апиыны аталған аймақтарды басып өтеді.

Бұл өз алдына. Бір кездегі ұрандар ұмытылған. Демократия далада қалған. Жемқорлық демократияны жұтып тынған. Сондай Қырғызстан қандай?

Атамбаев не дейді, біз не дейміз? Ал сіз не ойлайсыз?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз