Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

КХЛ: «Барыс» Омбыда «Авангардты» ұтып кетті

«Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, бірінші кезеңде Евгений Корешковтың шәкірттері ұшқырлық танытып, сәтті ойнай білді. Ойын басында «Авангардтан» Виталий Меньшиков тәртіп бұзып, екі минутқа айдыннан қуылды. В.Меньшиков айып уақытын өтеп, айдынға оралғанымен, Никита Михайлис Роман Савченко мен Павел Акользиннің пасынан кейін есеп ашты.

Сегіз минуттан соң Владимир Маркелов пен Антон Сагадеев әдемі шабуыл ұйымдастырып, олардан пас алған П.Акользин биылғы біріншіліктегі алғашқы голын соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Бірінші кезең соңына таман астаналықтар тағы бір рет сан басымдылығына ие болғанымен, оны пайдалана алмады.

Екінші кезеңде 24-минутта Линден Вейдің пасынан кейін Мэттью Фрэттин чехиялық Доминик Фурх қорғаған қақпаның бос қалған бұрышын дәл көздеді. Бұл оның биылғы маусымдағы төртінші голы еді. Бұдан кейін «Авангардтан» Максим Березин айдыннан қуылғанымен, оны «Барыс» пайдалана алмады. Есесіне омбылықтар швециялық Хенрик Ларссон қорғаған қақпаға көбірек қауіп төндіре бастады.

Ақыры 33-минутта Х.Ларссонның отандасы Андре Петерссон Егор Мартынов пен Александр Пережогиннің көмегімен «Авангардтың» осы ойындағы алғашқы шайбасын енгізді. Ал 38-минутта Дмитрий Кугрышевтің пасынан кейін Петр Хохряков есепті 2:3-ке дейін қысқартты.

Үшінші, шешуші кезеңде Линден Вей айдыннан қуылып, ойынға қайта қосылған сәтте қарымта шабуыл ұйымдастыра білді. Сөйтіп Мэттью Фрэттин есепті 4:2-ге жеткізді.

Бұдан кейін «Авангард» сапындағы Евгений Медведев көзге түскенімен, одан әріге омбылықтардың шамасы жетпеді.

Әсіресе, соңғы минуттарда Константин Пушкарев айдыннан қуылған кезде астаналықтар сәтті қорғана білді. Осылайша, мықты команданы ұтқан «Барыс» 32 ұпаймен Шығыс конференциясында бесінші орынға көтерілді.

Е.Корешковтың шәкірттері келесі кездесуін 12 қазанда Ханты-Мансийск қаласында жергілікті «Югра» командасымен өткізгеннен кейін елордаға оралады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз