Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қияр бағасы етпен пара-пар. Сарапшы “алтын” көкөністердің құпиясын ашты

746
Бақытбек Әміров

Көкөністердің дәстүрлі қысқы қымбаттауын болдырмауға болатын еді. Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл өндірушілеріне көмек ретінде ондаған түрлі бағдарламаларды жүзеге асырып жатыр. Бірнеше жыл бұрын көкөністер тапшылығы мен қымбаттауы мәселесін шешу үшін жылыжай шаруашылығы белсенді субсидияланды.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұқым шаруашылығын субсидиялаудың жаңа схемасы іске асырылуда. Фермерге элиталық тұқымдарды сатып алудың ақшасы компенсацияланды, ал жыл соңында егін жинағаннан кейін олардың құнының 30%-ын Аграрлық несие корпорациясына қайтаруы тиіс.

Өзіңдікін — экспортқа, бөтендікін — сөрелерге

Бұдан не шығатыны жайлы 365info медиапорталына Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының технология және тұқым шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Бақытбек Әміров айтып берді.

— Жылыжай шаруашылығына миллиардтаған субсидия салынғанымен, неге біз қыста қиярды 1 200 теңгеден сатып алып жүрміз. Бұл еттің бағасымен пара-пар. 

— Менің білуімше, үлкен өнеркәсіптік жылыжайлар өз өнімдерін негізінен экспорттауда. Және негізінен Ресейге. Оларға кепілдік берілген келісім-шарттар бойынша көкөністерді жеткізу тиімді. Ал ұйымдастырылмаған шағын нарықтарға шығу тиімсіз — шығын тәуекелі бар. Мен бір агрономмен сөйлескенімде, экспорттық бағалар өте жоғары емес екенін білдім. Олай болса неге көкөністер қымбат? Себебі

оларды сөрелерге шағын шаруашылықтар жеткізеді. Олар ешқандай субсидиясыз өз шығындарын өздері көтереді

Және барлық қағазбастылыққа олардың уақыты да, ниеті де жоқ. Олар сол түпкілікті тұтынушыға сатылған жоғары баға есебінен өмір сүреді.

Ресми ақпарат бойынша, Қазақстанда 1,5 мың гектар жылыжай шаруашылығы бар. Олардың ішінде өнеркәсіптігі шамамен 200 га. Қалғандары — негізінен елдің оңтүстігінде шоғырланған жеке шағын жылыжайлар. Түркістан облысында 1100-1200 гектар. Оңтүстік те көкөністерді экспортқа жібереді, көтерме сатып алушылар тіпті егістен жинап әкетеді.

— Дәмі мен иісі жоқ Қытай қиярын жеп жүргеніміздің себебі осы екен ғой?

— Иә, өзбек және қырғыз көкөністері. Және Қазақстанға сапасы қандайларын импорттайтыны әлі белгісіз. Осыдан 10-12 жыл бұрын олардың экологиялылығы туралы айтуға болатын еді. Ал қазір егіс алқабының шығындарын үнемдеу мақсатында барлық фермерлер улы химикаттар пайдаланады.

Жылыжай шаруашылығында көптеген проблемалар бар — бүліну көп, зиянкестер бар. Ал олармен күресу үшін тек химия қолданылады. Қымбат биологиялық әдістерді қалта көтермейді

Экологиялық таза қазақстандық бренд туралы көп айтылады, бірақ негізінде олай емес. Биоәдістерді пайдалана алатын көптеген ірі шаруашылықтардың өзі бұған  әрең-әрең қол жеткізіп отыр.

Баға келісімі

— Сіздің ойыңызша, көкөніс жеткізушілер арасында баға келісімі жоқ па?

— Бар. Және бұл көкөністердің қымбат болуының бір себебі болып отыр. Үлкен маржаны делдалдар жасайды. Қарапайым өндіруші өз еңбегіне аз табыс табады, оны түпкілікті тұтынушыға жібермейді. Тіпті қорқытып-үркіткен жағдайлар да болды.

Менің бір фермер танысым бірнеше жыл бұрын “Алтын Орда” базарына бір машина қырыққабатты сатуға апарғанын айтты

Әр келі үшін одан 12 теңге талап еткен. Қайта оралуға тура келген. Бұл делдалдар жүйесін біртіндеп қыспаққа алу керек.

Олар аграрлық сектордың дамуына еш пайдасын тигізбейді. Өнімдерді сақтау үшін өнеркәсіптік тоңазытқыш ашатындар бар, бірақ көбі ашпайды. Келістің бе — сатып аласың, келістің бе — қайта бересің.

Фермерлердің өздеріне келетін болсақ, Алматы облысының Шыңғыстау массивіндегі бір шаруашылық мысалында біз өндірістің өзіндік құнын есептейміз. 80 гектар алқапқа әртүрлі дақылдар егілді. Тамшылатып суару қолданылды. Нәтижесінде,

біздің есептеуіміз көрсеткендей, бір гектардан 50 тонна пияз түсім берді, ал келісін 40 теңгеден сатқан кездің өзінде — фермер бір гектардан 2 млн теңге алады

Ал барлық шығындарды жабу үшін 2,5 млн теңге қажет. Себебі, ол маусым айында суға 800 мың теңге, тұқымға 350-400 теңге жұмсады. Бұған тағы шаруашылықта жұмыс істейтіндердің айлығын қосыңыз. Яғни, қолайлы маусымның өзі табысқа шығудың кепілі емес.

Шағын шаруашылықтар жұмыс күшін жалға алуға, техника сатып алуға және т.б. артық шығын келтірмеуге тырысады, олар 2-3 гектар жерді алып, жақындарының еңбегін пайдаланады.

Субсидиялар үшін субсидиялар

— Субсидияның жалпы сомасы қандай?

— Соңғы жылдары көкөніс шаруашылығына гектарлық субсидиялар мүлдем алынып тасталды. Бұған дейін әрбір өңір қай дақылды қанша көлемде субсидиялайтынын өзі анықтады. Көптеген фермерлер, мысалы, сол пиязды егу үшін ғана еккен кездері болды, егіс жинау үшін емес. Өйткені субсидия егу фактісі үшін берілді. Бізге Шығыс Қазақстаннан фермерлер келіп, тұқым сұрады. Біз ол өңірінде бұл дақыл өсе бермейтінін айттық.

Ақша алғаннан кейін бірден егістікті тастап кететіндерін байқадық. Сондықтан мұндай мемлекеттік шығынның қажеті қанша? Астық жоқ

Қазір субсидия тек тұқымдарға, суға, тыңайтқыштар мен улы химикаттарға ғана беріледі. Және бұл қатаң бақыланады. Сертификатталған дақылдар беріледі, ал жылдың соңында, егін тапсырылғаннан кейін олардың құнының 30%-ын мемлекетке қайтаруы тиіс. Жыл соңында бұл мәселе қалай жұмыс істейтінін көрейік. Бірақ көп жылын осы салаға берген адам ретінде, одан ештеңе шықпайтынын айтамын.

Тағы бір мәселе — субсидиялау электрондық картамен байланыстырылды. Орналасқан жері мен ауданы бойынша шаруашылық жері GPS-суретке сәйкес болуы керек. Егер бұрын ресімделген құжаттарға сәйкес болмаса, субсидия алмайды. Көптеген ескі шаруашылықтарда бұл нағыз проблема болды, енді қолда бар құжаттарды келістіріп, барлық осы өлшемдерді жасау қажет. Бұл қосымша шығын.

Қалай ойлайсыз, көкөніс шаруашылығында мұндай проблемалар болғанда сөрелерде көкөністер арзандай ма?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз