Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“ҚазШыныҚұрылыс” зауытының қожайыны 3 жылға сотталды

Сот отырысында сотталушы Мұратхан Тоқмәди мен процесстік прокурордың арасында айыпты мойындау туралы келісім болды. Процестік келісім бойынша сотталушы айыптаумен дауласпай, айыпты бекітуге келісім берді. Осылайша Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын орта деңгейдегі қауіпсіздік инспекциясында қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет “Депутаттық корпус” атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты “ҚазШыныҚұрылыс” зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз