Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қазақтың футболының деңгейі бізден төмен” — грузиялық маман

Ұлттық құрама Астанада Қазақстанмен ойнамақ. Грузияның Ұлттар лигасындағы мүмкіндіктері қандай?

Менің пікірім: егер бұл топтан шыға алмасақ, грузин футболы дағдарысқа түседі. Әрине, бізде әлі де қиындықтар бар, бірақ соның өзінде бір топтағы Қазақстан, Латвия мен Андоррадан озып, келесі деңгейге өтуіміз керек.

Біздің жанкүйерлерді Қазақстанмен болатын екі кездесу алаңдатады

Түсінемін. Бірақ біз Қазақстаннан әлдеқайда озып тұрмыз. Біздің ойыншыларымыз қазақ ойыншыларынан анағұрлым мықты. Кездейсоқтық болмайды. Біз міндетті түрде Қазақстанды ұтуымыз керек. Қазір бізде жас ойыншылардың мықты буыны бар. Көбі ұлттық құрамада бірнеше жыл бойы бірге ойнап келеді. Мықты жастар бар, Квирквелия, Какабадзе, Кашиа… Чакветадзе өсіп келедіБіздің жаңа буын футболшыларымыз өте мықты, әлеуетіміз көп жоғады.

Қазақстан командасы туралы не ойлайсыз?

Станимир Стоилов келгелі команда жақсарды. Соңғы кездесуде Әзірбайжанды оңай ұтты. Бірақ олардың деңгейі Грузияны ұтатындай деңгейге әлі жеткен жоқ. Бұған мен сенімдімін. Қазақтардың клубтық командалары мықты, ішкі чемпионаты жақсы. Соңғы жылдары еврокубоктардың топтық кезеңдеріне жиі шығып келеді. Бірақ клуб пен ұлттық құрама – бөлек футбол. Клуб легионерлер шақыра алады, ал ұлттық құрама шетелдіктерге олай емін-еркін иек арта алмайды.

Жалпы алғанда, Қазақстан құрамасын біздің құрамамен салыстыруға келмейді. Қазақ футболының деңгейі бізден төмен. Жас ойыншылары да біздікіндей мықты емес. Олар бізбен әзірге бәсекелесе алмайды.

sports.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз