Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Қазақтың дәстүрлі исламы – дін саласындағы тиімді саясаттың тірегі

222

Әрі бұл қазақтың дәстүрлі исламына ғана емес, православиелік христиандыққа да қатысты түйткіл.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері Қазақстандағы осы екі негізгі дініміз үлкен қатерлер мен жаңа бәсекелестерге тап болды.

Жат ағымдар қайдан шықты?

Біздің өңіріміз үшін ертеден дәстүрлі келетін ханафи мазхабын, немесе православиелік христиандықты ұстанатын кеңістікке КСРО ыдырағалы жаңа діни бағыттарды уағыздаушылар келіп, өз ағымдарын белсенді түрде кеңінен насихаттауға көшті. КСРО идеологиясы ғылыми атеизмді ұстанғандықтан, бұрындары халықтың «діншілдігінің деңгейі» соншалық жоғары емес еді. Бұл жай та жат ағымдардың жылдам етек жаюына септігін тигізгені белгілі. Ислам болсын, православие, не басқасы болсын – енді діннің уағыздаушылары қаптады. Коммунистік идеология келмеске кеткен соң дінге деген қызығушылық арта бастады, ал Қазақстандағы дәстүрлі діндерге негізделген ұйымдар бұған дайын емес болып шықты.

Сыртқы әлемге есігіміз айқара ашылған соң жаңа идеялар мен ағымдар жаппай келді. Біздегі мұсылман жамағаттың арасында Араб елдері, Пәкістан, Түркия сияқты шет елдерден оқып келгендер пайда болып, біздегі дәстүрлі ханафи мазхабымен үйлесе бермейтін исламның өзге ағымдары мен идеяларына ере бастады.

Қазақстан жерінде жүздеген жылдар бойы қалыптасқан діни таным-түсініктердің бірі – ата-баба әруағына деген құрмет.

Мұны сырттан келген жаңа исламдық көзқарастар қабылдамайды. Ширк деп шықты. Ширк дегені – арабтың термині, «ваххабиттер» ұстанатын ханбали мазхабы мұны Аллаһтан өзгеге табынушылық деп таныған. Оның түп-тамыры XIX ғасырдың басында Аравияда тарай бастаған, қазіргі Сауд Арабиясындағы билеуші топтың негізін қалаушылардың бірі ибн абд әл-Ваххаб деген кісімен байланысты. Бұл бағытты ұстанатындарды сондай-ақ салафит дейді. Олардың түпкі мақсаты әу бастағы мұсылмандық ортаға, оның әуелгі құндылықтарына оралу. Сол себепті исламдағы осындай неофиттер Қазақстанда Ислам түсінігіне қатысты бұрыннан келе жатқан дәстүрлі дін-жоралғыларды қабылдамайды.

Дін саласындағы тиімді саясат

Басты қауіп – осындай ағымдардың арасында радикалды қозғалыстар да бар. Қоғам мен мемлекет үшін бүл үлкен қауіп.

Кез-келген зайырлы мемлекет діннің қоғам өміріндегі рөлі ұстамды деңгейде болғанына мүдделі. Қандай діннің жетегімен болмасын, дінді ту етіп қоғамды радикалды түрде қайта құру идеясымен мемлекет келіспек емес. Діннен туындаған неофиттер – қашанда азшылық. Азшылық көпшілікке бағынады.

Қалай десек те, қоғамның басым бөлігі дәстүрлі құндылықтарға қарап бой түзеп, қоғамдық өмірде дінді өзіне үйреншікті тұрғыдан қабылдайды.

Сөйте тұра, мемлекет діншілдіктің де көптеген адамдар үшін өміріндегі маңызды қажеттілік екенін ұмытпай, оны да ескеруі тиіс.

Қазіргі Қазақстанда мемлекет дін саласында барынша тиімді, әрі мейлінше ұстамды саясат жүргізіп келеді. Әрине, бұл саясаттың ең басты тірегі – дәстүрлі діни құндылықтарымыз.

Қоғамдық қарым-қатынастағы қазіргі тұрақтылықтың негізі де осы – елдің дәстүрлі діни құндылықтары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз