Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақтардың жүзге бөлінетіндігі мені таңғалдырды — грузин ғалымы

644

— Өзіңіз туралы айтып берсеңіз. Немен айналысасыз?

— Ғалым ретінде мен саяси ғылымдарға, халықаралық қатынастар мен мемлекеттік басқару бағыты бойынша зерттеулер жүргіземін. Атап айтқанда, Ресейдің ішкі және сыртқы саясатын, посткеңестік кеңістіктегі демократия мен тәртіптердің ауысуын, Грузиядағы исламның саяси аспектілерін және жоғары білім беру реформасын зерттеймін.

Соңғы бес жылда ТМУ (Тбилиси мемлекеттік университеті) магистратура студенттеріне “Этика, әкімшілік жемқорлық және мемлекеттік басқару” пәні бойынша дәріс оқимын. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушылары мен бакалавриат студенттеріне табысты студенттік өмір мен академиялық мансап тақырыптары бойынша тренингтер өткіземін.

Жақында мен SIKHA foundation жобасын бастадым, оның мақсаты академиялық мәдениетті дамытудан бастап жаңа технологиялармен аяқталатын түрлі тақырыптарға қызықты кейстерді таныту.

Қазақстан шығыстық ерекшеліктен айырылған

— Қазақстанға сапарыңыздың басты мақсаты не?

— Маған универсиеттердің бірінің мембасқару мен экономика Жоғары мектебі өкілдерінің бастамасы арқасында Түркістанға келу мүмкіндігі туды.

Жоба аясында мен бір ай Мемлекеттік басқару және менеджмент тақырыбында студенттерге дәріс оқыдым. Сондай-ақ профессор оқытушылар құрамына мастер-класстар мен тренингтер өткіздім, университет әкімшілігіне жобаларды жүргізуге көмектестім.

2017 жылы Қазақстан астанасына барып, жақсы әсер алып қайтқан болатынмын. Жалпы, бұл менің Орталық Азияға алғашқы сапарым болды. Қазақстанның арқасында өзім үшін Азияны аштым деуге болады.

— Нақты қатты әсер еткен не? 

— Егер жалпы айтатын болсақ,

Қазақстан — біршама еуропаланған мемлекет

Менің ойымша, мұнда келгісі келетін шетелдіктер мұндай көріністі күтпейді. Бұл Қазақстанның артықшылығы да, кемшілігі де. Бір жағынан, көптеген адам үшін жағымды тосынсый болады және Еуропаның бір бөлшегін тапқанына қуанады. Ал екінші жағынан — біреулерге шығыстық шарм жетіспейтін болады.

Процестерді орталықтандыру

Мысалы, маған қазақтардың көбі батыста білім алып, немесе жаһанданудың ықпалына ұшырағандығының арқасында қарым-қатынас орнатуға және қазақтармен тіл табысуға оңай болды.

Бірақ сонымен бірге Шығыстың бүлінбеген мұрасы жетіспеді. Ол үшін ауылдарға немесе Орталық Азияның басқа елдеріне бару керек шығар. Мысалы, біз әріптестерімізбен Ташкентте болдық — әрине, онда Шығыс атмосферасы сақталған.

Мен Қазақстанның үш қаласында – Астана, Түркістан және Ақтау қалаларында болдым. Осы шағын тізімге сүйене отырып, процестерді орталықтандыру мықты жүріп жатқанын айта аламын.

Қазақстанда өмір қайнап жатыр… бірақ негізінен тек саяси және әкімшілік орталықтарда ғана. Бұл маңызды мәселе және ол үйлесімді дамуға мүмкіндік бермей, елге қатты әсер етеді.

Үкіметтің жағдайды түзеуді көздеп, көптеген жобаға бастамашылық еткеніне өте қуаныштымын. Менің Түркістандағы жұмысым қаланың, әсіресе жоғары білім беру саласының дамуына оң әсер етеді деп үміттенемін.

Грузия және Қазақстан — ұқсастықтар мен айырмашылықтар

— Сіздің ойыңызша, Қазақстанның Грузиядан айырмашылығы неде?

— Қай жағынан ұқсас екенімізді айтайын. Біз жаһандық процестер мен жаһандық қоғамның бір бөлігі болуға ұмтылысымызда ұқсаймыз. Батыс әлемінен көптеген саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени элементтерді алуға ұмтыламыз.

Айырмашылыққа келетін болсақ, әрине, дін және жалпы өңірлердің тіршілігі. Біздің елімізде азаматтардың басымы православие уағыздайды. Ал Грузияның кей бөлігі Азияға жатса да, Шығыс емес. Бұл мінез-құлықтан бастап, әлемді қабылдауға дейін барлығына қатты әсер етеді.

Тағы бір маңызды айырмашылық — қақтығыс пен соғыс факторы. Егер білетін бослаңыз, 90-шы жылдары Грузияда азаматтық соғыс қана емес, сепаратистік қозғалыстар да болды. Ал 2008 жылы Ресеймен әскери қақтығыс болды.

Бұл үдерістер қоғамға елеулі зиян келтіріп, терең тарихи және психологиялық қайғы-қасірет қалдырды

Қазақстан, шүкір, мұндай азаптан алыс болды. Алайда, әртүрлі тарихи тәжірибе көптеген мәселелерге қатысты түрлі көзқарас қалыптастыруға үйретті.

Жүзге бөліну таңғалдырды

— Қазақстанда сізді не таңғалдырды?

— Қазақтарда жүзге бөлінетіндігі және әр өкілдің өзіне тән мінезі болуы. Мысалы, менің кіші жүзден танысым бар, ол соғысқа дайындалып жатқандай немесе жауымен сөйлесіп тұрғандай сөйлейтін.

Кейін маған түсіндірді:

бұл жүздің өкілдерінің ата-бабасы тарихта жауынгер болған және олар үшін мұндай мінез-құлық пен сөйлеу стилі қалыпты болып табылады

Аға буын әдетте кезекте тұруды қажет деп санамайды, көбінесе жастар оларды алға жіберіп, кезектен тыс кіргізеді деген дерек мені қатты таңғалдырды. Әуежайда да осыны байқадым. Онда балалар тек қарт адамдарға емес, жалпы үлкендерге де орын береді. Мен үшін бұл ерекшелік болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз