Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақтар туралы фильмдер неліктен Моңғолияда түсіріледі? — сарапшы

265

Бір көріп, ғашық болу

Төрт жыл бұрын Нұржан Фейсбукте «Қазақстан бойынша саяхаттаймыз» тобын ашты,  алғашында бұл топты жақындары ғана білетін. Алайда, пандемияның арқасында қысқа уақыт ішінде олардың қатары көбейіп, қазір 14 мыңнан астам мүшесі бар.

— Пандемияның арқасында адамдар туған жеріне көбірек назар аудара бастады. Бұл парақшадан әрдайым интернеттен табыла бермейтін фотосуреттер мен пайдалы ақпаратты табуға болады.Әсіресе жолдардың, қонақ үйлердің және басқалардың жағдайына қатысты мәліметтер бар.

Мысалы, Қарқаралыда бір кездері үлкен «Тас бұлақ» деген қонақ үй болған. Қазір ол жабылып қалды, бірақ бұл туралы ешжерде айтылмайды. Келмейінше, білмейсің.

Топ мүшелерінің шамамен 96%-ы қазақстандықтар және негізінен  Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан. Бірақ Шымкент, Қарағанды және Қостанай тұрғындары да бар. Шетелдіктер: орыстар, украиндар, немістер, американдықтар.

— Менің ойымша, олар бір кездері Қазақстаннан көшіп кеткен және оны сағынған біздің азаматтарымыз. Топқа менен басқа адамдар да жарияланымдар жасайды. Адамдардың кейбірі тіпті мен білмейтін, алғаш рет естіген жерлер туралы айтады.

Әдетте туристер үш кезеңнен өтеді. Бірінші – суреттерін көріп, таңдану. Екіншісі-саяхатты жоспарлау. Үшіншісі – жоспарын іске асыру.

Жақында бізді Марқакөлмен (Шығыс Қазақстандағы көл — ред.) таныстырған жарияланым болды. Мен ол жерде әлі болған жоқпын, бірақ суреттен сол жерлердің сұлулығын көріп, барғым келді. Келесі жылы барамын деп жоспарлап отырмын.

Екі күндік демалыс

— Карантин кезінде әйеліміз екеуміз заңға бағынатын басқа да азаматтар секілді Нұр-Сұлтан қаласындағы пәтерімізден шықпай отырдық. Бірақ саяхатшыға үйде отыру өте қиын. Сондықтан,  ресми түрде ел аумағында саяхаттауға рұқсат беріп, барлық блокпосттарды алғаннан кейін, біз қайтадан белсенді түрде саяхаттай бастадық.

Тамыз айынан бастап ерлі-зайыптылар Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарына барып үлгерді. Олар әр демалыс сайын жаңа орынға баруға тырысады.

Олар саяхатқа екі күнін, сенбі және жексенбіні арнайды. Қаладан ең көп дегенде 400 километр қашықтықта болуы керек.

Сондай-ақ, барған жердің табиғатына тамсанып, ләззәт алу үшін барып-келер жолдың жағдайын да ескеру керек.

Нұржанның айтуынша, мұндай жерлер  әсіресе Алматы маңында, тіпті жақын жерде, 200 шақырым радиуста өте көп. Елорданың маңында бір жерге бару қиынырақ, алысырық кету керек болады. Бірақ екі демалыс күннің ішінде де көп нәрсені көруге болады.

— Мысалы, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы өте үлкен ғой. Барлығы Абылай хан алаңына барып, Жұмбақтасты көруге үйреніп қалған. Бірақ басқа да көптеген қызықты орын, мұражай бар, жаңа өнер нысаны ашылды.

Сонымен қатар, Қазақстанның көптеген жеріндегідей көптеген төбелер мен таулар бар. Хайкинг  (жаяу туризм — бұл спорттық туризмнің бір түрі, маршрутты топпен жаяу жүру — ред.) ұйымдастыруға болады.

Үстірт

Нұржанның айтуынша, онда демалушылар өте көп, бірақ оларды классикалық мағынада турист деп айту қиын.

— Бұл жерлерде  ірі корпорациялардың бейінді санаторийлері жұмыс істейді, онда жолдамамен келген жұмысшылар демалады. Олар жыл бойы туристер ағынын қамтамасыз етеді.

Қазақстан түпнұсқалылығын жоғалтып алды

— Батыстық туристердің Қырғызстан мен Моңғолияға қызығатынын білемін. Оларды дәл осы елдердің түпнұсқалығы , мен тіпті оларға тән жабайылығы қызықтырады деп айтар едім.

— Иә, шынында да, шетелдік туристерді тарту тұрғысынан олар алға шықты. Бір қызықты жайтты айтайын ба?

Еуропалық туристер Моңғолияға, халықтың 90%-ын этникалық қазақтар құрайтын,  елдің батыс бөлігіне барады

Моңғол қазақтары туралы көптеген фильм түсірілді. Мысалы, бүркітші туралы.

Егер Қазақстанды Монғолиямен және Қырғызстанмен салыстыратын болсақ, бізде ондай орындар аз. Біздің ауылдарда  нағыз киіз үйлер табу өте қиын. Оларды тек Ассы үстіртінде, тағы бірнеше жерде және жайлауда кездестіруге болады.

Сонымен қатар, қазіргі қазақтар малды автокөлікпен немесе мотоциклмен бағып жүр. Жылқы мінген малшы да қазір сирек кездеседі. Біз біртіндеп атқа міну мәдениетін ұмытып, бірігейлігімізден ажырап барамыз.

Бұл этноауылдардың барлығы — бутафория. Еуропалықтарға «этно» термині этникалық азшылықтың резервациясы сияқты біртүрлі естіледі

Қоқыс және жабайы туристер

— Біздің ең үлкен қайғымыз бен проблемамыз — демалушылардан кейін қалған қоқыс үйінділері. Қалай ойлайсыз, бұны қалай шешуге болады?

— Меніңше, тез арада үш мәселені қолға алу керек.

Біріншісі  — табиғатқа зиян келтіргені үшін айыппұл көлемін арттыру

Мәселе тек қоқыста ғана емес. Біздің адамдар  жартастарды бояп, от жағу үшін ағаштарды сындырғанды жақсы көреді. Қаржылық жаза қолдануға мүмкіндік беретін нормативтік актілер жасау керек.

Екінші– ұлттық парктердегі инспекторлардың өкілеттіктері мен жалақысын да көбейту керек

Құқық бұзушыға айыппұл салу үшін бүгінде олар құқық қорғау органдарын тартуға міндетті. Ал айына 40-60 мың теңгелік жалақымен өз жұмысын жақсы көру қиын.

Үшінші маңызды компонент – экологиялық ағарту шаралары

Бізде бұны ешкім қолға алмайды. Мен ел бойынша қанша саяхаттасам да, бірде-бір ұлттық саябақтан туристерге ескерту жасаған инспекторларды кездестірмеппін. Олар келушілерге табиғатты қорғау, қоқысты тазартудың маңыздылығы, кейбір өсімдіктерді жұлуға болмайтыны туралы әңгіме жүргізе алар еді. Мұндай жұмыс мүлдем жүргізілмейді!

Экопатрульдеуді енгізу де маңызды. Қарапайым туристер ұлттық парктерге автобустармен келеді, суретке түседі, тамақтанады және кетеді.

Бізде экотуристер бар, олар әуесқой саяхатшылардың жалпы массасының 10%-ынан аспайды. Олар белгілі бір маршрутта 20-30 шақырым жүруге дайын, табиғатты құрметтейді және ешқашан қоқыс тастамайды.

Жасыратыны жоқ, танымал жерлердің бәрі қоқыстан көз ашпай тұр. Ең дұрысы, барлық туристер визит-орталықтарынан өтіп, кіре беріс пен шыға берісте тамақтану орындары мен дәретханалар болуы керек. Ең бастысы, бұл орталықтарда адамдарға табиғатта өзін қалай ұстау керектігі туралы ақпарат берілуі керек.

Мәселен, қарапайым заттар туралы арнайы фильм түсіруге болады. Саябақтың аумағындағы өсімдіктерді жұлмаңыздар, кейбір  жартастар құлап кетуі мүмкін, сондықтан көтерілуге болмайды деген секілді әңгімелер айтылуы керек.

Шарынға саяхаттап барған туристер қандай да бір жартасқа көтерілуге тырысса, олар өз өмірлерін ғана емес, миллиондаған жылдарға созылған жартастардың өмірін де қауіпке тігеді

Қоқысты жинап, өзіңізбен бірге алып, үлкен бактарға қалдыру керегін үнемі еске салу керек.

Мұндай қарапайым мәселелерді туристердің назарына жеткізіп отырған жөн. Мұны инспекторлар мен еріктілер жасауы керек. Бұл үшін визит-орталықтарды пайдалануға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз