Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

«Қазақтар спортқа жақын ұлт, бірақ тамақты да жақсы жейді» — неміс ұлтының өкілі қазақтар жайлы

413

— Өзіңіз жайлы айтып берсеңіз: қайдан келдіңіз, Қазақстанда немен айналысасыз?

— Мен Германияда, Гамбургте тудым. Мұнда, Алматыда мен ағылшын және неміс тілдерін оқытамын — сабақтар әңгімелесу клубы форматында өтеді. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге семинарлар өткіземін.

— Неге Қазақстанда жұмыс істеуге шешім қабылдадыңыз?

— Мен алғаш рет осында 2011 жылы жұбайыммен бірге келдім (ол Қазақстаннан). Содан кейін отбасыма жақын болу үшін Германиядан Астанаға көштім. Соңғы бес жылда Алматыда тұрамын.

Ең алдымен, бұл қалада маған ғажайып таулар мен шопинг орталықтар ұнайды,

сонымен қатар достарымызбен өткізетін жылы кештеріміз. Жұмысымның ұнағаны сонша, мен өзімді жайлы сезінемін. Ақша төлейтінін есептемегенде, бұл менің хоббиім (күледі). Тіл курстарынан басқа мен маркетинг және бизнесті дамыту бойынша 60-тан астам семинар өткіздім.

Айырмашылық өте көп

— Қазақстан мен сіздің еліңіздің арасындағы айырмашылық неде?

— Айырмашылық өте көп. Менің ойымша, жергілікті тамақтану Германиядан әлдеқайда пайдалы әрі балғын. Тамақты қоя тұрайықшы! Мәдениетіміз бен менталитетіміз тіпті бөлек. Мысалы, бізде адамдар жұмысқа өте тәртіпті, ал мұнда көптеген адам өз міндеттеріне бос қарайды.

Немістерде осынша көп ұлттық мереке жоқ, бірақ отбасылық құндылықтар Қазақстанда Германияға қарағанда жоғары

Қазақтар спортқа жақын ұлт, бірақ тамақты да жақсы жейтін көрінеді. Мен мұндағы жастардың өз денсаулығына мұқият қарап, ішімдікті неміс жастарына қарағанда аз тұтынатынын байқадым.

— Қазақстанға бейімделу кезеңінде ең қиыны не болды?

— Тіл мәселесі. Бірақ қазір мен қазақ тілін үйреніп, орыс тілін үйрете бастадым. Уақыт өте келе, мемлекеттік қызметтерді ұсынудағы өзгешеліктерге де үйрену қажет болды. Бірақ мен тез бейімделіп кеттім деуге болады.

Фрейдтің қазақша үйренуі

— Қазақ тілін қалай үйрендіңіз?

— Барлығы кәсіпқойлардан базалық сабақ алғанымнан басталды

Алдымен жергілікті адамдармен күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздермен сөйлестім, мейрамханада, супермаркетте және т.б. жерлерде тапсырыс жасауды үйрендім. Бірнеше кітап сатып алдым, сондай-ақ жергілікті туыстарыммен және достарыммен қазақ тілінде жиі сөйлесе бастадым.

Басында оңай болмады, себебі қазақ тілінде кейбір дыбыстардың айтылуы ерекше, сонымен қатар әліпби неміс және ағылшын тілдеріне қарағанда көбірек әріптерден тұрады. Қазір біршама төселіп қалдым, жақсы сөйлеймін. Бірақ, әрине, еркін сөйлеу үшін көп жаттығу керек.

Алматыда рахат өмір кешудемін

— Қазақстанда нақты неге ұзақ бейімделдіңіз?

— Бұл күлкілі көрінетін шығар, бірақ бастапқыда мен «Қалайсың?» дегенге жауап бермейтінмін. Себебі бұл сәлемдесудің, этикеттің бір түрі деп ойлайтынмын. Тек кейінірек адамдар менің хал жағдайымды білгісі келетінін түсіндім.

— Болашаққа жоспарыңыз қандай?

— Мен осы шақта өмір сүремін. Алматыдағы өмірім өзіме ұнайды, достарыммен кездесіп тұрамын.

Менің мақтанышым — қызым. Әйеліммен ажырасқанымызға қарамастан, мен онымен жақсы араласамын. Қызым 20 жаста. Мен оны өз туған қызымдай тәрбиеледім және оның әрбір жетістігін мақтан тұтамын! Ол өз ісінің маманы болып, алға қойған мақсаттарына жеткенін қалаймын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз