Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақтар шын мәнінде қызды қалай алып қашқан — ұлттық дәстүрлер туралы бар шындық

200

Қазір біз кімбіз – қазақпыз ба? Біз қандаймыз? Біздің бойымызда байырғы қазақтан не қалды? Біз нені сақтай алдық және осы кезге дейін не жоғалттық? Біз қазіргі кезге дейін нені құндылық санаймыз, ал неден батыл түрде бас тарттық? Осы сұрақтарға “Қарашаңырақ” авторы жауап беруге тырысады.

Бұл патриархалдыққа, “ежелгі әрі жақсы күндерге” оралуға ұмтылу емес, дәл қазіргі сәттегі өзіңді жақсы түсіну және болашаққа әлдеқайда сенімді түрде қарау үшін өзіңнің түп-тамырыңды тануға және мәдени тұрғыдан өз-өзіңді тануға көмектесу.

Автордың өзі жазғандай:

“Қазақ жағдайдың ауырлығына қарай иіле берді. Қазақ Христос сияқты өзінің айқыш ағашына өзі шегеленді. Оның бар шындығы осы. Тіпті трагедиясы. Не үшін?

Себебі қазақ өзіне өзі опасыздық жасады. Ата дәстүріне, олардың нұсқауларына опасыздық жасады. Өзінің шынайы Сенімін. Өз Құдайын – Көк Аспанды сатып кетті. Өз жеріне опасыздық жасады. Өз анасына.

Бірақ әлі де кеш емес. Бұл әлі де орын алуы мүмкін. Генетикалық жады деген сияқты нәрсе бар. Бақытымызға орай, ол ешқашан өшпейді. Ақыр соңында сол құтқаруы тиіс. Тек бәрін еске түсіру керек. Еске түсіріп, өз күшіне сенуі қажет. Сосын өзімен жұмыс істеуді бастауы тиіс. Әйтпесе, тізелері ісіп кеткен шығар. Тұрғанына қанша болды…

Сондықтан осы кітапты жазуды қолға алдым. Ол көмектесуі тиіс. Қалай болғанда да, соған үміттенемін. Ол көмектеседі. Бұл бізге бәрін еске түсіруге көмектеседі. Және алға ұмтылуға. Сілкінуге. Денеңді тіктеп, қайтадан Көк аспанға назарыңды аударуға”.

Қазақтар қалыңдықты қалай алып қашқан

Бір кездері әдемі алып қашқан. Атпен. Батылдықпен. Білдірмей…

Артынан қуғыншылар шыққан. Қарулы салт аттылар даланы кезіп жүріп, әділдік орнатқан. Тарпыған ат тұяқтарының соңынан қалған шаң бұлт болып көтерілген.

Жалпы, алып қашу дәстүр болатын. Аса жақсы дәстүр болмаса да.

Және түрліше алып қашатын. Миллиондаған мысал бар: арты жақсы аяқталатын, арты жаман аяқталатын, мәселені бейбіт шешумен немесе соғыс ашумен, жария қылып, немесе тыныш, өз ішінде.

Жексенбі және дүйсенбіде алып қашатын. Таңертең және кешке. Түскі уақытта және ұйықтайтың кезеңде. Жалғыз және көпшілікпен. Көбіне ойланып, көбіне ойда-жоқта, бірақ әрдайым – шытырманмен.

Лирикалық шегініс — бұл біздің бренд пе?

Қыз алып қашу – бұл өзімізге тән тауар белгісі деген түсінік бар. Аз ақша жұмсай отыра, отбасын құрудың тиімді нұсқасын тек қазақтар табуы мүмкін еді дейді.

Бірақ өкінішке қарай, бұл идея бізге тиесілі емес. Әйелдерді әлімсақтан алып қашып отырған. Барлық жерде. Тіпті бізден ерте кезден де. Барлық жаман дүниені біз сырттан үйрендік деген түсінік бар ғой. Әсіресе ішімдік ішуді, темекі тартуды, боқтауды, теледидар алдында диванда жатуды. Мұнымен дауласа алмайсың. Солай-ақ болсын.

Әдетте, барлық жаман дүние бізге Батыстан келеді. Қыз алып қашу дәстүрін де бізге гректер таңып берген деген болжам бар. Немесе римдіктер. Немесе еврейлер… Дегенмен, оның қазір қандай маңызы бар? Сенгіш әрі бәрін тез қабылдағыш өзімізден де бар…

Неге және не үшін

Қырсық шалғанда, бұрындары сайын далада тек жүрген қыз болмайтын. Барлығын атастырып қоятын. Шақалақ кезінен жігіті бар болатын. Жігіті де бір жерде көтені жалтырап бесікте жататын.

Бірақ өмірде бәрін тап-тұйнақтай етіп үйлестіріп, белгілеп тастауға болмайды ғой. Ғашық болып қалатын кездер болатын, ал қалың мал төлейтін жағдай жоқ. Ал алып қашқанда қалың мал сұралмайтын. Сондықтан да алып қашатын.

Алайда бұл да өтірік. Ал, алып қашты делік. Қыз көнді делік. Қалмауы мүмкін емес еді – қыз ұрлықшының үйінде түнеп шықса әке-шешесі қайта қабылдамайтын. Араларында ештеңе болмаса да.

Осындайда жігіт жақ, әлі тірі болса, біраз уақыттан кейін қыздың әке-шешесіне делегация жіберіп, кешірім сұрататын. Бұл аяққа жығылу деп аталады. Аяққа құр қол емес, қалың малмен жығылатын. Қалың мал көп болғаны жақсы. Себебі

екі жақты да табыстыру маңызды болатын. Әйтпесе – жау болып тынады. Ал бұл жаман. Өмірің өмір болмай кетеді

Іс жүзінде бұл қалай болатын? Бірнеше нұсқасын сипаттап көрейін.

Дәстүрді жаңа мәнерге келтіру

Түсінікті болу үшін оқиғаны қазіргі біздің өмірге әкелейік. Жағалбайлы руының бір қарапайым қызы «Мегаға» киім алуға бара жатты делік. Оған қоса «Старбакста» кофе ішіп, құрбыларымен әңгіме айтып қайтпақшы.

Бір мезетте айнасы қарайтылған джиппен тобықты руының жігіттер бұрылыстан атып шығады. Қыздың басына мөшекті жауып, белгісіз жаққа алып кетеді.

Ал ол болса Бекежанды жақсы көреді. Төбелесіп, түрмеге отырып шыққан болса да, басынан қара бұлт арылмай жүрсе де. Картаға салды ма, ақша үшін төбелесті ме, белгісіз. Бірақ оның бәрі артта, қазір ол анасын тыңдайды, курсқа жазылған, ағылшын оқып жүр… Енді не болмақ?

Енді тобықтылар таңертең жағалбайлыларға делегация жібереді. Делегация аяққа жығылып, сазайын тартқызатын тізімді ұсынады. Жағалбайлылар тізімді мұқият оқып, қажет түзетулер енгізеді:

– моральдық шығын,

– жоспарды бұзғаны үшін,

– инфляция,

– девальвация,

– әкесінің жүрегі ұстағаны,

– анасының басы ауырғаны,

– шығындар амортизациясы,

– аудандық ІІБ өтінішті қайтарып алу,

– антиқазақтық санкциялар,

– үкіметтің кенет ауысуы,

– ұсақ-түйек шығындар,

– жоспарланбаған шығындар,

– тағы басқа…

Тобықтылар ауыр күрсініп, бірақ келесім береді. Келіспей қайда барады? Айыпты ғой… Осымен мәселе шешіледі.

Бұл жағдайда тек Бекежан зардап шегеді. Онда да, қалай айтсақ. Шын мәнінде, Жібек үшінші біреуге атастырылып қойған. Өмірінде бірде бір рет көрмеген біреуге: аймақтық прокурордың ұлы ма, бірдеңе. Сондықтан, бәрібір үйленбес еді.

Алайда Бекежан да оны алып қашып кете алар еді. Уақытында әрекет етсе. Әрекет еткен жоқ. Енді бармағын тістеп отырсын.

Лирикалық шегініс — сыбайлас жемқорлық туралы

Айта кететін бір жайт, Тәуке ханның “Жеті жарғысында” атастырылған қызды алып қашу қылмыс саналатын болған. Соған сәйкес айыпталуы керек. Айыппұл төлеу немесе тіпті дарға асу. Түйеге байлап.

Бірақ мұндай жағдай өте сирек орын алатын, себебі сыбайлас жемқорлық сол кездің өзінде өркендеп тұрған. Қазір онымен күресу де бекер деп ойлаймын. Себебі оның ежелден келе жатқан басқа атаулары бар – туыстық, достық көңіл, адами қарым-қатынас және т.б.

Сондықтан онымен күресу, апаңның ата болмағаны үшін ренжумен тең. Сыбайлас жемқорлық, яғни адами қарым-қатынас пен туыстық бізде өмір салты. Кейде осы сыбайлас жемқорлықты дәл біз, қазақтар, ойлап тапқан деген ойға келемін.

Сицилиялық мафия жаңадан пайда болып жатқанда біз, қазақтар, оның айлакерлік ережелері бойынша баяғыдан өмір сүріп жатқанбыз

Мысалы. Кез келген айтыс-тартыста ханның жақтастары жеңіп отырған. Қазіргіше Ақордадағы таныстар. Сондықтан дала заңында күш кімде болса – құқық сонда болған. Бай жігіт қарапайым отбасының қызын алып қаша алатын болған, ал байдың қызын қарапайым жігіт… ондайды елестету қиын. Тең-теңімен. Бұрын солай болған…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз