“Қарашаңырақ” кітабының бір тарауында Ермек Тұрсынов күтпеген қорытындыға келеді.
Бәрінен бқрын, қазақтар, шын мәнінде өз жылқыларын жақсы көрген, содан кейін барып қана әйелдерді… Әлде… олай емес пе?
Өкінішке қарай, ғалымдар қазақтар бәрінен бұрын кімді, нені жақсы көргенін анықтай алмады. Алайда көптеген зерттеулерден кейін анықталды, нағыз қазақ үшін бала – ең маңыздысы. Немесе маңыздырағы. Жоқ, олай емес.
Бала үшін қазақ бәріне барады десек дұрысырақ. Әсіресе біздің заманда. Әйтпесе елімізде жемқорлықты неге жеңе алмай жатырмыз? Себебі жемқорлардың да, жемқорлықпен күрескерлердің де балалары бар.
Сондықтан
баласын себеп қылып нағыз қазақ кез келген әрекетін, кез келген қылмысын, кез келген зұлымдығын және кез келген үнсіздігін ақтап ала алады
Және бұл таза қазақ ұлттық дәстүрі. Дәстүр деп емес, ноу-хау деуге болады. Тапқырлық. Өте ыңғайлы, өміршең.
Сондықтан да болар ұлтымызда балалар туралы мақал-мәтелдер көп: «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры», «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар», «Үйің үй-ақ екен, ішінде ойнайтын баласы болса».
Барлық осы даналық сөздер ежелден келе жатыр. Сол ежелден бізге басқа да ақпарат жетті. Сол туралы айтайын.
Дала желісінде «Паленбаевтардың» немесе «Түгенбаевтардың» отбасында бала дүниеге келді деген жаңалық тараса «Шабан ба? Жылқышы ма?» деген сұрақ қоятын. Себебі тікелей сұрауға болмайтын (Бұл әдепсіздік саналатын және қара күштердің қызығушылығын тудырып қоя ма деген қорқыныш).
Егер «Шабан» деп жауап берсе, демек, ұл туды. Ал егер «Жылқышы» десе, демек, қыз туды. Оның айырмашылығы қандай? Айырмашылығы – зор. «Шабан» – бұл бақташы. Пассив адам. Ол жай ғана біреудің малын бағады.
Жылқышыға келер болсақ, ол өз малын бағып қана қоймай, тағы біреудің малын алып келеді, осылайша отбасының жағдайын жақсартады. Сондықтан жылқышыны қалаған. Анығын айтсақ, тиімдірек. Түсіндірейін.
Бұрында қыз үшін қалың малды жылқымен санайтын: 9, 17, 27, 37 және 47 бас. Осылайша жылқышы дүниеге келсе экономикалық өсім болатын. Кейде қыз туғанда «Қырық жеті туды» деп те айтатын.