Нұр-Сұлтан
Қазір
-23
Ертең
-10
USD
509
-2.03
EUR
535
-4.79
RUB
5.06
-0.09

Қазақтар неге қыздан ұлды артық көреді – ұлттық дәстүр туралы бар шындық

413
“Нәзіктік аурасы” картинасы / суретші Камиль Муллашев
Жалғасы, басы осында

Бала өмірге келіп, төңірігене оның дауысы естілгенде, бәрі тынышталып қалатын. Тыныштық орнайтын, ал былыққан жерде үйлесімділік орнайтын.

Мұндай нәтижені біздің ата-бабаларымыз, ұзақ ойланып жатпастан, әрине табиғаттан алды. Өйткені, табиғатта да солай ғой: найзағай ойнап, күн күркірегеннен кейін, алай-дүлей желдің екпінімен бұлт көшіп, артынша тыныштық орнай қалады. Идиллия. Сондықтан бәрі ғалам мен жаратылыстың заңдарына сәйкес орын алды.

Әрине, кез-келген әйелге жеңіл толғақ тіледі. “Ақ ақтан жарылқасын жеңіл болсын пәле құлақ” (шамамен:”бәрі оңай болсын, зұлым күштер ешкімге жақындамасын, сәтті болсын” дегені) дейтін. Және олар ұл болғанын көбірек тіледі. Қыздарға қарағанда ұл жақсы деп есептелді.

Жігіттер бұрынғыдай емес…

Мүмкін, солай болған болар. Бір кездері. Сол кезеңдерде дала жауынгерлерінің саны жан басына шаққанда барлық рұқсат етілген нормалардан асып түсті. Алайда, соңғы жылдардағы көрініс табиғатта сәтсіздік орын алғанын көрсетеді. Теңгерім бұзылған.

Тіпті сеніммен айта аламын

қазіргі ұлдар өздерінің алдыңғы буын ағаларынан әлдеқайда әлсіз

және де қазақ рыцарларының саны мардымсыз болып барады. Мұндай күлкілі метаморфоздың құпиясы неде екенін ешкім білмейді, ғалымдар тіпті оның тарихын зерделеуге қорқады. Тағы не қосуға болады?

«Нашар» келін

Егер әйел үнемі қыз туа берсе, яғни “дұрыс” тумаса, онда күйеуі басқа әйелге үйленуге құқылы болды. Ал ол “дұрыс” тууы үшін, тәжірибелі аналар онымен тәрбиелік әңгімелер өткізді.

Егер ол айтқанынан қайтпай, қыз тууын жалғастыра берсе, күйеуі ақылдырақ, айтқанға көнетін басқа қызға үйленуге құқылы болды. Егер бұл көмектеспесе және екінші алған әйелі де тек қыз туа берсе, онда күйеуі кішіпейілділік танытып, бәріне көніп, философ болып кететін.

Қалай болғанда да, әйел ауыртпалықтан арыла салысымен, оның мәртебесі бірден өзгеріп, епсіз келіннен толық құқылы әйелге айналды. Оның келбеті де бірден өзгерді. Бұл бірінші кезекте киімге қатысты болды.

Салтанатты жағдайда оның басына кимешек – орамал кигізілді. Енді ол қызыл түстерден аулақ болуы керек – бұл жастардың түсі. Негізінен көк және жасыл түсті киімдерге рұқсат етілді. Осылайша, жас ханым құрметті анаға және жаңа отбасының толық мүшесіне айналды.

Бірақ бұл енді оған иттерге тас лақтыруға немесе күйеуіне көпшілік алдында дауыс көтеруге рұқсат беріледі дегенді білдірмейді. Жоқ. фешкімге көрсетпей тас лақтыруына, ал күйеуіне оңашада ғана ұрсуына болады. Оның өзінде сыбырлап қана.

Аздап мифология

Адамның дүниеге келу рәсімі көшпенділер арасында әрқашан мистикалық түсінікпен бірге жүрді. Ойға қонымды сөздермен түсіндіруге болмайтын барлық құбылыс және адамның түсінігінен тыс барлық нәрселер басқа әлемнің күштерінің әрекеті болып саналды.

Әрине, бұл күштер жақсы мен жаманға бөлінді. Адамға жақсылық жасайтындар және бәрін бүлдіретіндер деп. Басқаша сөзбен айтқанда, қазақтарды жақсы көретіндерге және олардың өмірлерін құртқысы келетіндерге бөлінді.

Тәңірден кейінгі ең маңыздысы – түркі халықтарының Құдай анасы Умай болды. Біз оны Ұмай-ене (Ұмай ана) деп атадық. Қырғыздарды Ұмай-эене деп атайды. Телеуттерде – Май-энези. Шорцылар – Май-иче. Хакастар – Ымай және т. б.

Умай ана, ең алдымен, өзінің қызметтік міндеттеріне сәйкес, барлық сәбилердің қамқоршысы болды. Ол балаларды алты жасқа дейін қорғайды. Бала аяғына нық тұруды үйренгенге дейін.

Әрине, Умай ана барлық босанған әйелдердің қамқоршысы болған. Оның Умай деген есімінің өзі “ананың құрсағы” дегенді білдіреді. Егер тікелей мағынада айтатын болсақ – “жатыр” деген сөз. Толғақ басталған кезде Умай киіз үйдің кіре берісінде, әйел адамның бұрышы деп саналатын сол жағына жайғасып, айналасында не болып жатқан жағдайды бақылап отырады.

Оған кез келген сәтте, қиындық туындаған кезде жалбарынған. Көмектесуін сұраған. Әдетте, Умай ана өзі араласып, көмектескен. Тәжірибелі әйелдер де босқа қарап отырмады. “Умай анаға сен, өзің байқа, қапы қалма”, – дейтін.

Сондықтан, алғаш толғақтың белгісі білінгенде бірден қарбалас басталған: олар босанатын әйелдің өрілген шашын тарқатып, барлық әшекейлерін шешіп, киіміндегі белдіктерін ағытқан. Сонымен қатар, үйдегі барлық нәрсе де “төмен түсіріп, босатқан”: қазанның қақпақтарын алып, сандықтардың аузын ашып, байлаулы арқандарды шешіп, барлық ыдыстарды бос қалдырған”.

Барлығы бірдей үйлесімде болуы тиіс. Үйде ешқандай түйіндер, ілмектер, буылған байламдар болмауы керек. Босанатын әйелдің айналасына пышақтар, қанжарлар, қылыштар, таяқтар, тапаншалар, автоматтар, кастеттер, нунчактар, динамиттер… бір сөзбен айтқанда, зұлым рухтарға ықпал етіп, олардың ойларын өзгертуге тырысатын барлық нәрсе қойылды.Олардың бұл үйге кіруге де дәті бармауы тиіс.

Мұндай әйелдерден шеге жасаса

Айтпақшы, ғалымдар қазақ әйелдерінің босану процесі еуропалық әйелдерге қарағанда әлдеқайда жеңіл болғанын айтады. Оның өз артықшылығы бар. Физиологиялық тұрғыдан алғанда, біздің әйелдердің жамбас сүйектері біршама кең. Бұл таң қаларлық жайт емес.

Бұған үнемі аттың үстінде жүру ықпал етті. Сонымен қатар байғұстар көп қимылдады. Олар ең қиын, ауыр жұмыстар істеді. Таңертеңнен кешке дейін малдың соңында жүріп көр. Ия, көшпелі өмір салты да оңай емес. Далада әскери жиындарда болған адам менің айтып тұрғанымды түсінеді. Әуе қорғанысында қызмет еткендер болса, тіптен түсінікті.

Сонымен бірге жүкті әйелдер бәрін теңдей, үйлесімде атқарды. Босануына болжамды 40 күн қалғанда ғана аздап жұмысын жеңілдетті. Әйтпесе – ешқандай жеңілдік болмады.

Босанатын әйелдерге арналған дала гимнастикасы

Айтып өткенімдей, әйелдер түрегеп тұрып босанды. Біздің ата-бабаларымыз бүкіл әлемдік тартылыс заңдары туралы Ньютоннан бұрын білген шығар. Олар Ньютонның өзіне де мұндай жағдайда не болатынына емеурін білдірген болуы мүмкін.

Егер босану ұзаққа созылса, босанатын әйелдің өзі кінәлі деп есептелді. Ол баласымен қоштасқысы келмейді, оның құрсағынан шығып, өмірге келгенін қаламайды делінді. Содан кейін оның қолына ұстап, шеңберді айналып жүргізді. Баланы жібер деп үгіттеді.

Егер бұл да көмектеспесе, оны атқа отырғызып, айналаны аралап, бірнеше сағаттан кейін қайтып оралуды ұсынды. Содан кейін оны аттан түсіріп, киіз үйге кіргізіп, қайтадан арқанды ұстап тұрғызды. Сосын кіндік шеше іші мен құймышағын айналдыра басып уқалады. Сонымен бірге ол: “бұл менің қолым емес. Бұл Умай ананың қолы!» деп үздіксіз қайталаумен болды.

Яғни, ол барлық жауапкершілікті өз мойнынан алып, оны Құдай анаға тапсырды. Осылай, әрине, сенімді әрі ыңғайлы. Мұның барлығы ән ырғағының сүйемелдеуімен және жаман рухтарды жолатпайтын бақсының ойнағымен бірге жасалды. Сонымен қатар ол сәбидің аман-есен өмірге келуіне ата-баба рухынан көмек сұрады.

Ойлап қарасаң, осындай ауыр шаралардан кейін әйел босануға міндетті болды. Жалпы, менің ойымша,  оның орнында болса кез-келген әйел босанар еді. Құтылсам болды, тезірек бітсе екен деп.

Дала карантині

Бірақ батыр қазақ әйелдері ерекше балаларды дүниеге әкелді. Осы жерде, логикаға сүйенсек, дәл осындай жолмен туылған кез-келген сәби бойында жақсы дамыған жауынгерлік қасиеттермен дүниеге келеді деген қорытынды жасауға болады.

Сонымен қатар, баланы бірден анасынан алып, оған басқа әйелдің омуырауын емізгенін ескеру қажет. Босанған әйел “лас” деп есептелді. Сондықтан оған өз баласын тамақтандыруға болмайды. Үш күнге дейін. Сондықтан, осы уақыт ішінде баланы сүті бар аналар емізді.

Босанған әйелге үйден шығуға немесе тамақ дайындауға тыйым салынды. Тек үшінші күні оған жуынуға және өзін-өзі ретке келтіруге мүмкіндік берілді. Әйелдер киіз үйде шағын спа-салон ұйымдастырды: аршамен көбікті ванна дайындалды, бүкіл денесіне массаж жасап, скраб, лифтинг, пилинг-стоп, мастхэв, фитобочка, жасартатын маска, маникюр-педикюрге тапсырыс берді және ең соңында жаңа сойылған қой етінің сорпасын берді.

Соңғысын, айтпақшы, тастамады. Оны кіндік шеше аяқ баспайтын жерге көміп тастады. Киіз үйдің артына, мысалы. Бұл босанған әйелдің осымен тоқтап қалмауы және болашақта ауылда осындай демографиялық ахуалды жақсартуды жалғастыруы үшін жасалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз