Қалай екен? Қазақстанға келгенде ауылға келгендей болған шығарсың?
Америкадан келе сала осындай әңгімелерден шошыдым. Қаттырақ айтсам, жиіркеніп кеттім. Одан да қаттырақ айтсам, ұялып кеттім. Еліміз туралы нашар пікірдегі адамдардың көп[меніңше] болғаны біртүрлі ауыр тиеді екен.
Қазақтар дөрекі екен де өзі сыпайы екен. Басқа қазақтар мәдениетсіз екен де өзі мәдениетті екен… түсіне алмадым.
Елді өзгерткің келе ме, “Америка” қылғың келе ме, онда көшеге қоқыс тастамашы, түкірмеші, даяшыға құлдай қарама, көлік жол сұраса өткізіп жібер.
Жоо, жооқ мұның бәрі ауыр болуы мүмкін. Ең оңайын айтайын, америкалықтар сияқты танымасаң да танысаң да адамдармен амандасып жүрші.
Жооқ аа, бұл да ауыр. Ең оңайы сол, “кешіріңіз бен рақметті” айтып жүрші адамдарға. Бұл да оңай емес пе? Көшеде жаяу жүргіншілерге сигнал баспашы, тоқтай қалып өткізіп жіберші.
Бұл да ауыр ма? Онда сен жәй ғана адамдық деңгейде емессің. Америка емес саған алдымен адам болу керек!
Берік Сұлтан
Facebook парақшасынан