Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қазақстанның үш өңірінде лауазымды тұлғалар ұсталды

“Қарағанды облысы Еңбек, әлеуметтік даму және көші-қон департаментінің № 3 дәрігерлік-әлеуметтік сарапшылық бөлімінің жетекшісі М.Оспанов жүйелі түрде жалпы сомасы 300 мың теңге пара алғаны үшін ұсталды”, – деп хабарлады Ұлттық бюродағылар.

2 наурызда М.Оспанов мүгедектіктің 3-тобын кедергісіз ұзарту үшін 80 мың теңге пара алғаны үшін ұсталып, Жезқазған қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Жамбыл облысында “Қордай аудандық әкімдігінің Жер қатынастары” МҚК жетекшісі Б.Сазанбай 300 мың теңге пара алғаны үшін ұсталды. Ол жерге орналастыру жобасына қол қою үшін заңсыз сыйақы алған”, – дейді Ұлттық бюродағылар.

Сонымен қатар Леңгір қаласының әкімі қылмыс үстінде ұсталды.

“Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би аудандық Леңгір қаласының әкімі С.Байымбетов пен осы ауданның жер қатынастары бөлімінің бас маманы А.Тұрғын жер учаскесін беру үшін 100 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды”, – деп хабарлады ведомстводағылар.

Б.Сазанбай, С.Байымбетов және А.Тұрғын қылмыстарын толықтай мойындап, осыған байланысты соталды өндіріс жеделдетілген тәртіпте аяқталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз