Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстанның валюталық биржасында теңге бағамын ұстап тұру үшін миллиард доллар сатылды

155
Сурет: kapital.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) тамыз айында шетел валютасымен сауда-саттық көлемі шілдемен салыстырғанда 7,6%-ға артты. Бұл 2020 жылдың сәуірінен бастап ең жоғары айлық нәтиже. Бұл бірқатар карантиндік тыйым салулардың жойылуына қарай екінші деңгейдегі банк клиенттерінің айтарлықтай жанданғанын көрсетеді.

Бұл максимумға жетуге тамыз айында екі  – америкалық және ресейлік валюталардың айналымының өсуі ықпал етті. Спот-нарықтағы биржалық мәмілелердің жалпы көлемінің негізгі бөлігі долларға келеді. Осы валюта бойынша сауда -саттық көлемі тамызға қарай 6,3%-ға, $2,198 млрд-қа дейін, абсолюттік мәнде – $130,8 млн-ға өсті.

Ауыл өмірін жақсарту үшін 63 млрд теңге бөлінеді: бұл ақшаның пайдасы шамалы — сарапшы

Ұлттық Банк KASE валюта нарығына тікелей қатысқан жоқ. Соған қарамастан, ол Ұлттық қордан шетел валютасының айтарлықтай көлемін — $681 млн сатты, бұл, әрине, теңгенің долларға қатысты айырбас бағамына айтарлықтай тұрақтандырушы әсер етті.

Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында тамыз айында квазимемлекеттік сектор компаниялары биржалық нарықта тағы 266 млн доллар сатты. Яғни

жалпы алғанда осы екі көзден валюта нарығында 947 миллион доллар сатылды

Мұндай жағдайдың ұзақ уақыт жалғасуы мүмкін емес екені түсінікті. Олай болмаған жағдайда Ұлттық қордың активтері сарқылады. Квазимемлекеттік сектор компанияларында да сыртқы борышты өтеумен байланысты проблемалар шиеленісе түсуі мүмкін.

Рубльге сұраныс артып, юаньға сұраныс төмендеуде

Тамыз айында Ресей валютасына сұраныс өсті. Шілдемен салыстырғанда сауда-саттық көлемі бір жарым есе, 461,6 млн рубльге дейін, ал абсолюттік мәнде – 158,1 млн рубльге өсті. Сонымен қатар наурыз бен қаңтардан кейін доллар үшінші ең жоғары айлық нәтиже, ал рубль бойынша – наурыздан кейінгі екінші нәтиже көрсетті.

Тамыз айында еуро бойынша мәмілелер көлемі маусыммен салыстырғанда аздап төмендеді – 3,7%. Бұл ретте юань айналымы 23,5%-ға қысқарды. Еуропалық Одақ елдері мен Қытай да Ресей секілді Қазақстанның  негізгі сауда әріптестері екеніне қарамастан осындай нәтиже болды.

Банктер тәуекелге барғысы келмейді

Спот-нарықпен салыстырғанда валюталық своп операциялары секторында шілде айындағы көтерілістен кейін тамыз айында  қайтадан құлдырау қалыптасты. Ол тіпті 2020 жылдың бір айлық минимумына дейін $1 млрд 214,5 млн-ға, алдыңғы айға қарағанда 21,4%-ға төмендеді.

Триллион кімге бұйырады? Сауда желілері Ұлттық банктен сыйлық алуы мүмкін

Своп-нарықта екінші деңгейдегі банктер шетел валютасын бір-бірінен  немесе оны Ұлттық банктен қарызға алатынын атап өту керек. Мұндағы мәмілелердің көп бөлігі қысқа,  бір және екі күндік. Нарыққа қатысушылардың ешқайсысы теңгенің айырбас бағамының құбылмалылығы жағдайында тәуекелге барғысы келмейді деген болжам жасалды.

Бір қызығы, мұнда 8 айдың қорытындысы бойынша «Қазақстан Халық банкі» белсенділігімен ерекшеленуде. Бұрын жетекші рөлде әдетте шетелдік банктердің «еншілестері» немесе мемлекетаралық «Еуразиялық Даму Банкі» (негізгі акционер — Ресей) болды. Соңғысы екінші орында, ал «Ситибанк Қазақстан» үшінші орында.

Қазақстандың қор биржасында АҚШ долларымен жасалған сауда-саттық көлемі, млн. USD

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз