Елімізде көктемгі егіс науқаны қызу жүріп жатыр. Қазіргі таңда республика бойынша шамамен 2,1 миллион гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Агротехникалық мерзімдерге сай жүргізіліп жатқан егіс жұмыстары әсіресе оңтүстік өңірлерде белсенді жүргізілуде.
Мәселен, Түркістан облысында – 449,2 мың гектар, Жамбылда – 306 мың гектар, Жетісуда – 292,6 мың гектар, Алматы облысында – 187,9 мың гектар жерге егін егілді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан (156,3 мың га), Абай (138,8 мың га), Қостанай (85 мың га), Ақмола (74,8 мың га), Қызылорда (52,5 мың га), Павлодар (56,9 мың га) облыстары мен өзге аймақтарда да егіс науқаны жалғасуда.