Нұр-Сұлтан
Қазір
-21
Ертең
-12
USD
511
-4.57
EUR
540
-4.99
RUB
5.15
-0.02

Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік өнімдерін экспорттау нәтижелі жүргізіліп жатыр ма?

Қайрат Әбдірахманов бұл орайда Елбасымыздың өндеу өнеркәсібі және өндірістік сектордың, соның ішінде қорғаныс өнеркәсібі кешенінің жүрдек дамуына ерекше көңіл бөлетінін айтып өткен сол отырыста.

– Қазақстандық компаниялар шетелдік әріптестермен ынтымақтастың перспективаларын үмітпен бағалайды.  Біз қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы өз іс-қимылдар үшін жаңа дипломатиялық  мүкіндіктер ашудамыз, – деп мәлімдеген еді Сыртқы істер министрі.

Ал Бейбіт Атамқұлов өз кезегінде:

«Бүгінгі күнде

Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешенінің елдің экономикасында әжептәуір экспорттық әлеуеті бар. Қазақстандық әскери техникалардың бүгінгі заманғы үлгілері бәсекеге қабілеттіліктің аса жоғары деңгейіне ие.

Әзіргі уақытта республикада байланыс қызметін, сондай-ақ жер бетінің ғарыштық мониторингінің түсірімін көрсетуге барынша қабілетті заманауи ғарыштық инфрақұрылымдар, байланыс және де жерді қашықтықтан бақылаудың спутниктік жүйесі құрылғанын» айтып берген еді.

Осы жиында Бейбіт Атамқұлов шет елдік дипломаттарға қарата:

«Біздің министрлік әрқашан сұхбатқа және де екі тарапқа да тиімді әріптестік қатынастарды орнатуға әзір. Мүдделі тараптармен біздер бұдан әрі ынтымақтастықты нақты қызықтыратын жобалар бойынша біраз жұмыстары егжей-тегжейлі негізде ұйымдастыруға әзірміз», – деп мәлімдеген болатын.

Ал шет мемлекеттердің дипломаттары өздерінің қазақстандық қорғаныс-өндірістік өнімінің экспортын және де Қазақстанның ғарыш саласындағы кәсіпорындарының қызметін дамытуға, бұдан бөлек Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі саласына инвестициялар тарту саласындағы өзара іс-қимылға белсенді түрде араласуға дайын екендерін хабарлаған.  Сол жиында шетелдік елшілер Қазақстанның қорғаныс-өндірістік кәсіпорындарына шақырылған болатын.

Күні кеше…

Күні кеше сол бір жиынның нәтижелері қорытындыланды.

Былтырғы жылы қабылданған “Қазақстандық қорғаныс өнімдерін экспорттауды ынталандыру және де инвестицияларды тарту бойынша ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мәселелерін талқылау” мақсатында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен маңызды кездесу өтті.

Жоспар Мемлекет басшысының жолдауына және еліміздің басқа да стратегиялық бағдарламалық құжаттарын іске асыру аясында экономикалық дипломатияны жандандыру туралы тапсырмаларына сәйкес әзірленген болатын.

Тараптар жоспар шеңберінде Қазақстанның қорғаныс-өндіріс саласын насихаттау жөнінде ақпарат алмасу және нарықты талдаудан бастап, презентациялық іс-шараларды ұйымдастыруға және нақты жобалар бойынша әлеуетті серіктестер мен келіссөздерге дейін кең ауқымды мәселелер бойынша белсенді өзара іс-қимыл жүргізілуде екенін атап өтті.

Бұл ретте Бейбіт Атамқұлов

еліміздің аумағында аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпустың Петропавловск қаласындағы («Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Киров атындағы Зауыт» АҚ) қорғаныс кәсіп орындарына 2017 жылдың қыркүйегінде баруының жетістігін

тілге тиек етті.

– Осы жылдың мамыр айында Елорда да өткен V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің сәтті өтуі Қазақстан Республикасының экономикалық әртарап тандыру жөніндегі алдына қойылған мақсаттарына жауап береді.

Осынау көрмеге сонау Франция, Испания, Италия, ҚХР, Жапония, Израиль, БАӘ, Ресей, Түркиядан және т.б. мемлекеттерден 48 ресми делегация қатысты.

Барлығы 28 елден 335 компания өз өнімдерін ұсынған болатын.

Қорғаныс өнеркәсібі, ғарыш қызметі және кибер қауіпсіздік саласындағы келісім-шарттар мен шарттардың құны 900 млн. АҚШ долларынан асты, бұл көрсеткіш «KADEX-2016»-ға қарағанда әлдеқайда жоғары болып табылады, –

деді Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов.

Айта кетсек, еліміздің сыртқы нарықтарда жүргізілетін жұмыстарында кей кездері кедергілер де кездесіп жатады. БҰҰ -ның шешімімен енгізілген санкциялар қандай да болмасын әріптестікке оң әсер етпейтіні айдан анық.

Министрліктер бұл бағытта Қазақстанның Қорғаныс-өндірістік кешенінің жетекші рөлін ескере отырып, киберқауіпсіздік саласында тығыз ынтымақтастық орнатуға келісті.

Заңнамалық деңгейде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Бірыңғай талаптарға өзгерістер енгізілді, оқытудың процестері мен тәсілдері жетілдірілуде, киберқауіпсіздікпен айналысатын мамандардың дағдылары артуда және т.б.

Жиын барысында сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаратын және Қазақстан Республикасы мен шет елдер мүдделері үшін Үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігінің нәтижелілігін арттыру қажеттілігі атап өтілді.

kaz.365info.kz анықтамасы:

Бүгінгі таңда Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені

– 8 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған 40-тан астам кәсіпорыннан тұратын ғылымды қажет ететін жүйе.

Барлық қорғаныс-өндірістің кешеннің ядросы 20-дан астам машина жасайтын кәсіпорындарды біріктіретін 2003 жылы құрылған «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы болып табылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз