Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанның алты қаласына қатаң карантин енгізіледі

953
Дереккөзі: ekhokavkaza.com
Аймақтың бас санитарлық дәрігері Владимир Нечитайлоның бұл шешіміне коронавирус жұқтырған науқастардың өсуі (21 маусым қорытындысы бойынша  симптомдық және симптомсыз тасымалдаушыларды қоса алғанда +56 жағдай) ықпал еткен. Осы сағатқа дейін облыста 518 пациент анықталды (Қостанай облысында 868,5 мың адам тұрады).

Сондықтан 23-30 маусым аралығында:

  • меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметін уақытша тоқтату (кезекші топтарды қоспағанда);
  • 20 адамға дейінгі топтармен ашық ауада жаттығуды қоспағанда, спорт кешендерінің (үйірмелердің, секциялардың және басқалардың) жұмыс істеуіне тыйым салу.
  • қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын шектеп, «клиенттерге жеткізу» және «өзімен бірге алып кету» қызметтеріне ғана рұқсат беру.

Маусымның 27-інен 28-іне қараған түні  Қостанай, Арқалық, Рудный, Тобыл, Жітіқара және Лисаковск қалаларында «локдаун режимі» енгізіледі:

  • жұмысқа шығу; медициналық көмекке жүгіну; тұратын немесе жұмыс істейтін жерінен жақын дәріханалар мен дүкендерден азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу; қоқысты шығару; жеке көлікте саяжайға жол жүру; тұрақты күтімді қажет ететін науқастар мен қарт адамдардың күтімі бойынша жол жүру; жануарларды серуендету секілді жағдайларды қоспағанда тұрғындардың тұрғылықты жерінен шығуына;
  • көрсетілген қалалардың аумағында ойын және ойын-сауық қызметінің барлық түрлеріне;
  • қалалық қоғамдық көліктің қызметі (Рудный қ. «ССКӨБ» АҚ-ға қызмет көрсететін қоғамдық көліктен басқа), оның ішінде саяжай бағыттарына;
  • тамақ өнімдерін сататын сауда объектілерін қоспағанда, қала аумағындағы барлық сауда объектілерінің қызметіне;
  • азық-түлік өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда, сатылатын ассортиментке қарамастан, барлық сауда базарларының жұмысына;
  • скверлердің, саябақтардың, жағалаулардың, оның ішінде олардың аумақтарында орналасқан тамақтану және сауда нүктелерінің, сондай-ақ жағажайлар мен демалыс базаларының жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз