Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстаннан ақша аударымдарының үштен бір бөлігі Ресейге кетеді

235

2019 жылдың мамырында ҚР-дан шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі 54,8 млрд теңгені құрады. Бұл сәуір айына қарағанда 5,3%-ға, ал 2018 жылдың мамыр айына қарағанда 3,6%-ға артық. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.

Биылғы жылдың 5 айында ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелге 227,6 млрд теңге жіберілді (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға артық).

Ақшаның көп бөлігі Ресейге жіберілген: 82 млрд теңге — өткен жылмен салыстырғанда 8,3%-ға аз. Нәтижесінде елдің үлесі 42,2%-дан 36%-ға дейін төмендеді.

Екінші орында Өзбекстан, онда 40,3 млрд теңге аударылған, бір жылда өсім — 28,9%.

Түркия көшбасшылар үштігін тұйықтайды: 33,4 млрд тг, бір жыл ішінде өсім — 36,6%

Шетелге ақша жіберілген ақша аударымдарының жүйесі арасында “Алтын тәж” көш бастап тұр. Оның үлесіне 162,7 млрд теңге тиесілі (барлық көлемнің 71,5%). Бұл ретте жыл ішінде өсім 28,3%-ды құрады. Екінші орында Western Union (жылына 28,8 млрд теңге, минус 11,6%). Үшінші “Юнистрим” жүйесінің үлесінде (жылына 10,1 млрд теңге, минус 45,4%).

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз