2024 жылы Қазақстанға 15,3 млн шетелдік турист келген. Олардың 10,4 миллионы елде бір күннен артық болған. Туристердің орташа болу ұзақтығы — 4 күн.
ТМД елдерін есептемегенде, туристер ең көп келген 5 ел:
1. Қытай – 655 мың адам. Визасыз режим мен рейстердің артуы әсер етті.
2. Үндістан – 146 мың. Тікелей рейстер мен туризм бағыттарының дамуы себеп.
3. Түркия – 130 мың. Мәдени және іскерлік байланыстар артып келеді.
4. Германия – 92 мың. Этнотуризм мен мәдени маршруттарға қызығушылық жоғары.
5. Оңтүстік Корея – 40 мың. Табиғат, ұлттық асханалар мен мәдени мұра туристерді тартады.