Шетелден шақырылғандардың саны үнемі азайып келеді, бірақ оның айналасында бұрынғыдан да көбірек шу көтерілуде.
Отандық баспасөз Қазақстанда шетелдік жұмысшыларға қатысты теріс көзқарастағы тақырыптарды араға уақыт салып көтереді. Әлеуметтік желілер де қалыс қалар емес.
Мысалы, жақында Атырау облысындағы вахталық кентке шетелдік жұмысшылар тобының келген сәтінің видеосы жарияланды. Видео авторлары аса жағымды емес пікір білдірді. Алайда біраз уақыттан кейін олар «ешқандай жаман ниетіміз болған жоқ» деп айтқандарынан айныды.
Бірақ, шындығына келсек, шетелдіктер Қазақстанға жұмысқа неге және не үшін келеді? Олар оны қалай табады?
Саясаттанушы және көші-қон маманы Елена Садовская шетелдік жұмысшылар уақытша қажеттілік дейді. Алайда, шетелдік жұмыс күшін қысқартудың тұрақты тренді де бар. Бұл мәселемен мемлекет айналысады.
— Елена Юрьевна, шетелдік жұмысшылар тақырыбы әлі де тоқтар емес. Жақында бірнеше мақала жарияланды. Тақырып шынымен де өзекті және тез арада жауап қатуды қажет ете ме? Шын мәнісіне келгенде, мәселе алыс шетелден келген жұмысшылар туралы болып тұр, ал посткеңестік кеңістіктегілері басқа әңгіме.
— Біріншіден, квота бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (яғни рұқсаттар бойынша — бұл маңызды) екі мыңыншы жылдарға қарағанда айтарлықтай азайды. Ол кезде экономикалық өсу болды, жаңа кәсіпорындар ашылды, сәйкесінше жаңа жұмыс күші қажет болды.
Сол кезде де, қазір де шетелден тартылған қызметкерлердің бірнеше санаты болды. Олардың қатарында басшылар мен орынбасарлар, бөлімше басшылары мен жоғары білікті мамандар бар еді. Қазір бұл категориялар басым екеніне сенімдімін.
— Оларды неге сырттан шақырады? Олардың жалақысы жергілікті кадрларға қарағанда әлдеқайда жоғары — бұл экономикалық тұрғыдан негізделген бе? Ол мамандарды өзімізден табуға болмай ма?
Бізден заманауи жоғары технологиялық жабдықта жұмыс істей алатын жергілікті кадрларды қажетті көлемде таба алатынымызға күмәнім бар
Сондай-ақ бұл жоғары жалақыны компаниялар өз қалтасынан төлейді және шынымен де жоғары білікті жұмыс күшіне қызығушылық танытады.
Айтпақшы, тіпті шетелдік жұмысшыларды тарта бастаған кезде де, компаниялар қазақстандық еңбек нарығында мұндай мамандарды іздеп, таппағаны туралы анықтама ұсынуы керек еді. Содан кейін олар өздерімен бірге алып жүруге мәжбүр болды.
— Жарияланған мақалалардың бірінде келтірілген статистика бойынша Атырау облысының өзінде қазір 23 мыңнан астам шетелдік бар, олардың 18 мыңы ТМД елдерінің азаматтары. Бұл көп пе?
— Өте емес. Жалпы, бұл санға мән берудің қажеті жоқ, өйткені ол ай сайын өзгеріп отырады. Қыркүйек айында ол 23, ал бірнеше айдан кейін отыз пайызға, тіпті жартысына дейін азаяды. Әдетте қыста, аз болады, өйткені
шақыру бойынша жұмыс істейтін санаттардың бірі — маусымдық жұмысшылар
Маусым аяқталғанда олар үйлеріне кетеді.
— Дәл сол статистика көрсеткендей, екі мыңыншы жылдардың ортасында аймақта олардың саны 60 мыңнан астам болған.
— Мұндай сан есімде жоқ. Бірақ тартылған жұмыс күшіне қатысты еңбек министрлігінің статистикасына кірмейтін
арнайы экономикалық аймақтар бар, онда бұл ұйымнан шетелдіктерге жұмыс істеуге арнайы рұқсат алу талап етілмейді
«Астана» қаржы хабының, елордалық медициналық орталықтың, ғарыш саласындағы бірнеше кәсіпорынды мысалға келтіруге болады. Бұл 60 мың осы санаттардың қосындысынан шыққан да шығар. Қалай болғанда да, бұл сан жылдан жылға азайып бара жатқаны анық.
— Неліктен азайып жатыр? Тартымдылығы төмендеді ме, әлде жеке кадрлар пайда болды ма?
— Біріншіден, бұл бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан мемлекеттік саясат. Ол еңбек нарығын ең алдымен жергілікті жұмысшылармен қамтамасыз етуге бағытталған. Мысалы, шетелдіктерді тартуға рұқсат бергенде бірнеше шарт қойылды. Олардың бірі —
жергілікті тұрғындар кейін сырттан келгендерді алмастыра алу үшін, оларды қайта оқыту және біліктіліктілігін арттыру
Тиісті қаулы екі мыңыншы жылдардың басында, неге біздікілерге төмен жалақы төлейді, оған қоса шетелдіктерді алып келеді деген наразылық басталған кезде қабылданды.
Содан кейін заңнамада осындай бірқатар тиісті шаралар жазылды. Сондықтан жалпы тренд салыстырмалы түрде ұзақ уақыт бұрын басталды және әлі де жалғасуда.
Сонымен қатар, коронавирус пандемиясы да әсер етті.
— Мүмкін мәселе басқада емес коронавируста шығар?
— Жоқ, менің жоғарыда айтқанымның бәрі пандемиядан бұрын басталды.
—Айтпақшы, осы жылдар ішінде құрылым айтарлықтай өзгерді. Бұрын, бізде құрылыс белсенді жүргізілген кезде, барлық жұмысшылардың жартысына жуығы Түркиядан келді. Содан кейін біраз уақыт Қытай бірінші орынға шықты.
Қазір түрлі елдерден келген жұмысшылардың саны шамамен бірдей. Бірақ посткеңестік кеңістіктегі жағдай басқаша.
— Сіздің ойыңызша, бұл адамдарды гастарбайтерлер деп атау қаншалықты дұрыс?
— Гастарбайтер неміс тілінен аударғанда «қонақ жұмысшы» дегенді білдіреді, Германияда 50-ші жылдары жұмыс істеген түрік жұмысшыларын осылай атаған. Көбінесе бұл білікті емес жұмысшылар болды.
Екі жоғары білімі бар ірі компанияда атқарушы директор немесе жоғары білікті техник болып жұмыс істеуге келген адамды қалай гастарбайтер деп атауға болады,
Бұл жай ғана нонсенс.
Ия, бұл сөздің өзі мүлдем қолданылмауы керек, ол қорлау секілді естіледі.
— Айтпақшы, ТМД туралы айтатын болсақ, табыс табу үшін қайдан жиі келеді?
— Қазір көбінесе Өзбекстаннан, заңды түрде. Ол жақын және қарым-қатынас орнатылған. Каримов заманында жұмыс күші көп болса да, ол жерден келушілер өте аз болды. Мирзиеев келгеннен кейін Өзбекстан бұл көрсеткіш бойынша көшбасшы атанды.