Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қазақстанға орыстар өте керек” – білгіштер пікірі

299

Қазір қазақтардың саны 70 пайыздан артық емес. Қазақтар ғана қалса жақсы бола ма, жаман бола деген сұрақ бұл жерде орынсыздау.

Қазақстан бәрібір көпұлтты мемлекет болып қала береді.

Енді, қазақ көбейген сайын этноцентризм кеңінен таралуы мүмкін. Бұл дегеніміз, саны көбейген сайын қазақтар өз мәдениетін ең дұрыс және ең жақсы мәдениет ретінде қарастыра бастайды.

Ал енді орыстар елден көшіп жатыр дегенге келсек, талантты қазақ жастары да елден кетіп жатыр емес пе?

Кәсіби мамандар мен интеллектуалды элитаның ұлты болмайды. Арнайы білімі бар жоғары білікті кадрлардың елден кетуі жақсылық емес.

https://kaz.365info.kz/astanada-kvartirant-bop-zh-rgender-tek-aza-tar-247387

Айдар Амребаев, (Айдар Әміребаев), әлеуметтік-саяси үрдістерді зерттеуші:

Айдар Әміребаев

– Қазір жаһандану дәуірі. Бірұлтты мемлекет дегеннің болашағы жоқ-ау. Қазақстан ашық мемлекет ретінде дамып келеді.

Оқшауланған, жабық, моноұлттық мемлекет құру идеясының болашағы жоқ деп санаймын.

Мұндай сұрақ қоюдың өзі меніңше, арандату сияқты. Барып тұрған “провокация”. Ия, республика халқының абсолюттік басым бөлігі қазақтар. Қазақтардың өмірлік кеңістігі басымдау және ол бәріне жақсы таныс.

Тарихта болған ондай жағдайлар, көп түрлі этностардың болуы түптің түбінде соғысқа әкеп соғып, талай мемлекеттер құлаған. Қазақстанның көпұлттылығы әу бастан күштеп жасалған дүние. Аймақты отарлау үшін жасалған саясат.

Алайда мен қазіргі “қазақтың орыстарын”біздің еліміз үшін аса құнды адам ресурсы деп санаймын.

Қазақстанда онсыз да халық саны аз, адам капиталының сапасы да әзірге жеткілікті деңгейде емес. Қысқасы, Қазақстан елдегі орыстарды адам капиталы ретінде сақтап қалуға өте-мөте мүдделі болып отыр.

Ал, Сіз не дейсіз?

Фото: mongu.akipress.org
https://kaz.365info.kz/khazakhstanda-khazakhtar-gana-khalsa-ne-bolar-edi-310573

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз