Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Қазақстанға көбірек мұнай өндіруге рұқсат берілді

980
Фото: reform.by

ОПЕК+ министрлер кеңесінің мұнай өндіру квотасы бойынша кезекті отырысы 4 қазанда өтті. Ведомство басшылары мұнай өндіруді арттыру бойынша ағымдағы жоспарды ұстану немесе оған түзету енгізу туралы шешім шығару керек болатын.

Бұған дейін ОПЕК+ техникалық комитетінің сарапшылары нарықтағы сұраныс нашарлаған жағдайда да тапшылық болады деген қорытындыға келді. Расында, 2022 жылы тәулігіне 1,4 миллион баррель профицит болуы мүмкін, алайда Министрлер бұл болжамды әзірге талқылаған жоқ.

Бірақ ОПЕК+ қатысушылары жоспардан ауытқымады. Бастапқыда болжанғандай, мониторинг комитетінің министрлері Альянс елдеріне қарашада мұнай өндіруді тәулігіне 400 мың баррельге арттыру жөніндегі жоспарды жалғастыруды ұсынды.

Бұл Қазақстан да өндірісті ұлғайтатынын білдіреді. Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазан айының деңгейі тәулігіне 1,524 млн баррельді құрайды, ал алдағы айларда 16 мың баррельге артады.

Баға көпжылдық максимумға жетті

ОПЕК+ шешімі бағаны көтерді. 4 қазанда Brent бағасы барреліне 82 долларға жақындады, бұл көрсеткішке тек екі цент жетпеді. Бірақ бұл мән 2018 жылдың қазан айынан бастапқы ең жоғарғы мән болып табылады. Бұл ретте ашылу бағасына қатысты өсім бір бөшке үшін 2,7 долларды құрады.

Сонымен қатар, көпжылдық максимумды WTI да жаңартты. Сауда-саттық барысында оның құны барреліне 77 доллардан жоғары көтеріліп, 77,26 долларға жетті. Бұл шамамен 8 жылдағы ең жоғары деңгей – соңғы рет Солтүстік Америка қоспасына мұндай жоғары баға 2014 жылдың қараша айында болды.

Сонымен бірге, сарапшылар ОПЕК+ саясаты алдағы айларда мұнай бағасына әсер ететін негізгі фактор болады деп санайды. Биылғы жылы Иран баррельдерін қайтару мүмкіндігі аз, ал американдық сланц өндірушілері өндірісті тез арттыру үшін жеткілікті қаражат жұмсамайды. Сондықтан ұсынысты іс жүзінде шартқа қол қойған елдер реттейді.

Қымбаттап жатқан мұнай ғана емес

Энергия тасымалдаушылар бағасы қазір тарихи тұрғыдан шарықтау шегінде. Bitkogan telegram арнасының хабарлауынша, өткен аптада Еуропадағы газ құны мың текше метрге 1 200 доллардан асты. Киловатт-сағаттың бағасы 100 еуро деңгейіне көтерілді. Осы күзге дейін ең жоғары баға 36,15 еуроны құрады – бұл 2008 жылдың күзінде қор нарықтарының құлдырауы кезінде болды.

Қытай үкіметі қыс мезгілінде отынды “кез-келген бағамен” жеткізуді талап етіп, блэкауттарға жол берілмейтінін мәлімдеді. Бұл газ бәсекелестігін арттырады, сонымен бірге оған бағаның өсуіне ықпал етеді. Газ бағасының жоғары болуы көмір бағасының өсуіне әкелді. Австралиялық порттарда баға 200 долларға жетті, бұл тарихи максимум.

“Еуропалық қоймалардағы газ қоры таусыла бастады. Ол “мүлде таусылу” алдында болмаса да, әдеттегіден аз екендігі факт. Мұның себептері қандай? Біріншіден, 2021 жылғы қыстың өте суық болуы және Солтүстік теңіздегі желдің әлсіздігі.

Екіншіден, электр энергиясын тұтыну біртіндеп, ең алдымен, өнеркәсіпте ковидке дейінгі деңгейге оралуда.

Үшіншіден, бұл АҚШ-тағы Ида дауылы, Қытайдағы энергетикалық дағдарыс және “Солтүстік ағын-2″ пайда болғанға дейін Ресейден жеткізілімдердің төмендеуі”, – деп арна авторы болған жағдайды түсіндірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз