Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
20
USD
444
+1.32
EUR
475
+0.35
RUB
4.83
+0.09

Қазақстанға АЭС керек пе? – сарапшылар

647
Франциядағы АЭС. Дереккөзі – avs-emploi.fr

Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты пікірталас бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. АЭС туралы алғаш рет 1997 жылы айтылды. Тіпті қолайлы жер де табылды, бірақ соңында идеяны “тоқтатып тастады”. Сол арада осы мәселе бойынша қоғамда пікірлер екіге бөлінді. Сарапшылардан “АЭС салуға шынымен қажеттілік бар ма?” деп сұрадық.

Қарсылықтың үш себебі

Экономист және энергетик Әсет Наурызбаев Қазақстанда АЭС салуға үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Ол бірден үш себебін атады:

Бірінші себеп — экономикалық жағы. Наурызбаев әлемдегі ең қымбаты атом электр энергиясы екенін атап өтті.

– Екіншіден, атом электр станцияларының салдарынан еліміздің бүкіл энергия жүйесінде үлкен қиындықтар туындайды. Атомдық энергия қондырғыларының қуаты мың немесе мың екі жүз мегаваттқа ие. Мұндай қондырғының өшуі бірден көптеген тұтынушыларды электр қуатынсыз қалдырады

және біздің жағдайымызда мұндай қуатты өз ресурстарымызбен қамтамасыз ету мүмкін емес

Біз энергияны Ресейден, Орталық Азия елдерінен және т.б. “тасуымызға” тура келеді, — деді ол.

Наурызбаев үшінші себеп “Атом мәдениетінің жоқтығы” деп атады.

— Мүмкін, он жыл жұмыс істегеннен кейін АЭС жұмысын бақылай алатын өз мамандарымыздың қажетті мөлшері табылып қалатын шығар. Бірақ қазір ондай мамандар жоқ. Сонымен қатар, бір станция үшін үлкен сала құрудың қажеті шамалы. Егер елде 10-20 блок болса, онда құруға болады. Бірақ біздікіндей жағдайда емес, – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, сарапшы АЭС жақтаушылардың электр энергиясының болжамды (немесе тіпті кейбір аймақтарда орын алған) тапшылығына қатысты дәлелдеріне сенбейді.

— Алдымен оны жақтаушылар цифрмен көрсетсін. Егер болжамды тапшылықтың орнын қалай жабу туралы айтатын болса, онда

бүгінгі таңда ең арзан шешім — жаңғыртылатын энергия көздері

Бізде қазір сала құрылып жатыр, қажетті мамандар бар, компаниялар да бар. Олар бір жыл ішінде күн электр станциясын сала алады. Ал атом электр станциясының құрылысы жеті-он жыл бойы салынады. Ал Қазақстандағы АЭС идеясы – үлкен шығынды талап ететін жоспар. Құны бірнеше миллиард доллар болатын бір құрылыс салынған кезде, қайтарым жүздеген миллион долларды құрайды, – деп мәлімдеді Наурызбаев.

Халық шынында қорқады

Әлеуметтанушы Тимур Айсауытов та осы пікірді қолдайды.

— Мен бұл мәселені зерттедім және мынадай қорытындыға келдім: қазіргі кезеңде Қазақстанға АЭС қажет емес, — деді ол.

Айсауытов әзірге экономиканы қолда бар ресурстар арқылы электр энергиясымен қамтамасыз ете алатынымызға сенімді. Егер қуатты кеңейту қажет болса, онда оны жаңғыртылатын энергия көздері есебінен жасауға болады. Алдағы 10-15 жылда республикаға станция қажет болмайды.

Сонымен қатар, субъективті факторлар да бар. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей

халық атом энергетикасына және оның төңірегіндегі барлық нәрсеге үлкен сенімсіздікпен қарайды

– Бұл қорқыныш пен үрей Семей полигонындағы сынақтардың салдарына байланысты. Зерттеу нәтижелері бойынша азаматтардың жартысынан көбі (нақты саны есімде жоқ) атом электр станциясын салуға қарсы. Зиян өте көп”, – деді ол.

Бұл АЭС салынуы мүмкін жерді талқылаған кезде өте айқын байқалды. Маңғыстау облысында тұрғызбақшы болды — жергілікті тұрғындар үзілді-кесілді қарсы болды. Балқаш төңірегі туралы талқылаған кезде де тура сондай қарсылық байқалды.

– Ең соңында, үшіншісін айтайын. Қазақстан кәсіби кадрлардың қажетті санын  қамтамасыз ете алмайды деген күмән бар? Олар жұмысына қолдау білдіріп қана қоймай, қауіпсіздікті қамтамасыз ете алуы керек, — деді Айсауытов.

Шикізатқа тәуелділікті біз өзіміз туғызамыз

Біз шикізатқа тәуелділікті бекітеміз

Бұған дейін саясаттанушы Марат Шибұтов осы тақырыпта сөз сөйлеп, бүкіл әлем бойынша уран өндірісі көлемінің 40%-ын өндіре отырып, өзінде АЭС жоқ Қазақстандағы жағдайды  “парадокс” деп атады.

– Ешқандай американдықтар біздің шикізатқа тәуелділігімізді бекітпейді, оны біз өзіміздің технофобиямызбен бекітеміз. Егер бір аптаға электр қуатын өшірсек, АЭС-тің маңыздылығын өте жақсы түсінуге болады, – деді ол сол кезде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз