Қазақстанда тағы да күн ысиды деседі. “Қазгидромет” синоптиктері 14-16 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жариялады.
“Солтүстіктің тропосфералық жосқындарының орнына батыстан жосқын келіп, ол Атлантиканың жылы ауасын әкеледі. Содан Қазақстанда күн жылынады. Алдағы тәуліктерде тек еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ғана салқындық сақталады. Ал қалған өңірлерде 15-16 қыркүйекте күндізгі ауа температурасы +28 градусқа дейін көтеріледі.
Оңтүстікте тіпті +31 градус болады.
Бірақ Қазақстанның батысында 14 қыркүейк күні жаңбыр жауады деп күтілуде”,
делінеді мекеменің хабарламасында.