Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Қазақстандықтар Тоқаевтан қандай реформа күтеді (Соңы)

101
Болат Сұлтанов

Мемлекет әлеуметтік әділеттілік орнатуы тиіс, деп есептейді тарих ғылымдарының докторы Болат Сұлтанов. Бізде кедейлер мен байлар арасындағы алшақтық тіпті сәби кезден біліне бастайды. Мұны қоғам сезеді, бірақ билік қаншалықты жақсы түсінеді — бұл үлкен мәселе.

Соңы. Басын мына жақтан оқыңыздар.

“Сән-салтанатқа” неге салық сала алмай отырмыз?

— Бәлкім, әлеуметтік әділеттілікті арттырудың нақты құралдары бар шығар?

— Мысалы, “сән-салтанат салығы”. Есіңізде болса, бірнеше жыл бұрын олар үлкен көліктерге салықты арттыруға тырысты. Егер қуат төрт текше метрден асатын болса, онда ең көп салық төлейді. Бірақ біздің үкіметтегілер бұл идеяны өздері-ақ “бұзды”, ал депутаттардың бірі —

біздің бәріміздің көлігіміз 4 текше метрден асады, сонда өз-өзімізге салық саламыз ба,

— деген сұрақ қойды.

Жеке өзім бұл идеяны дұрыс деп санаймын. Үлкен көліктерге ғана емес, жалпы “сән-салтанат салығын” да енгізу қажет. Жалпы, олигархтардың тәбетін шектеуге бағытталған әлеуметтік саясат жүргізу. Және олар ғана емес. Бізде шенеуніктер мен депутаттар қандай да бір себептермен қымбат көліктермен жүреді. Сатып алу мүмкіндігі бар — бұл көп салық төлеу мүмкіндігі бар дегенді білдіреді.

Мен тауға жиі шығамын және

Алматы тау бөктерінде салынған зәулім сарайларды көремін — оларға жер учаскесімен бірге салық салу керек

Сондай-ақ, бұл мүлікті нарықтық бағамен бағалау қажет. Ал келесі сұрақ, бұл мүлік қандай қаражатқа салынды, әсіресе егер иесі шенеунік болса? Мұны әлі де тексеретін уақыт келеді деп үміттенемін.

Бірде бір инженермен сөйлестім, ол Алматыда үй салып, кейін Нұр-Сұлтанға көшіп кеткендерге шағымданды. Олар электр, су және кәріз үшін ақы төлемейді дейді. Мұнда да өте қатаң бақылау жүйесін енгізген жөн.

Жалпы, велосипедті ойлап табудың қажеті жоқ, өйткені “сән-салтанат салығы” бұрыннан бар, соның ішінде дамыған капиталистік елдерде де қолданылады. Бұл әлеуметтік әділеттілік үшін күрес. Тек солардың тәжірибесін бізде қолдану қажет.

Ал отандастар бұл салық олардың өмірін жеңілдету үшін мемлекеттік қазына арқылы өтетінін білуі керек. Әсіресе, жұмсарта айтқанда, кедейлік шегінен төмен адамдардың.

Академиктер бар, ғылым жоқ

— Үдемелі салық туралы бұрыннан айтылып келе жатыр, бірақ енгізуге әлі құлықсыз сияқты. Бұдан бөлек, тағы не істеу керек деп ойлайсыз? 

Білім беру реформасы туралы да сөз қозғағым келеді. Біз білім және ғылым министрлігін екі бөлек министрлікке бөлуіміз керек деп айтудан шаршадым. Білім министрлігі мектепке дейінгі, мектеп және колледждермен айналысуы тиіс. Ал жоғары білім мен ғылым мәселелерін екінші министрлік шешсін. Ресейде олар екі бөлек министрлікке қарайды, ал бізде еш өзгеріссіз. Бізде жоғары білім қорқынышты жағдайда,

сондықтан он мыңдаған жас қазір солтүстік көршінің университеттерінде оқиды

Ғылымның да жағдайы мәз емес. Көптеген академиялар құрылғанына қарамастан — некролог оқысаң әрбір үшіншісі академик. Бұрын “Ғылым академиясы” және “академик” деген сөздер бізде құрметті және мақтанышпен айтылатын, ал қазір олар жай ғана атауға айналды.

Бұрын Қазақстанда тарихи, металлургиялық және заңтану сияқты ең қуатты мектептер болған, ал қазір академиктерді танымаймыз да. Қазір мен бір жұмысымен танылған бірде-бір заманауи академикті атай алмаймын.

— Бұған министрлік кінәлі деп ойлайсыз ба?

— Министрлік ҰБТ мен ата-аналардың шағымдарына батып кетті. Ғылыммен басы ауырып жатқан жоқ.

ЖОО-лармен айналысатын кез келді. “Қашықтықтан оқыту” процесін жолға қоюдың, цифрландыру жағдайында оқытудың жаңа ғылыми әдістерін жасаудың орнына, шенеуніктер ең оңай жолды таңдайды — есеп беру мен анықтамаларды талап етеді.

Біз білім туралы сөйлескенде, әлеуметтік әділеттілік мәселесі автоматты түрде бетке шығады. Цифрландыру дәуірінде әр баланың компьютері, ноутбукі немесе планшеті болуы керек, әсіресе қашықтан оқыса. Сонымен қатар, көптеген ата-ана қашықтан жұмыс істейді, оларға да компьютер қажет. Бұл екі баласы бар отбасылар үшін де үлкен проблема. Оқу жылының басынан бастап көбі әр балаға планшет сатып алу үшін несие алды. Кәдімгі отбасында төрт компьютер бар деп елестете аласыз ба?

Яғни байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық мектептен де көрініс табады

Ақылдыға — заң, ақымаққа — таяқ

— Бұдан өзге, азаматтардың құқықтық тәрбиесіне, әсіресе біздің көпконфессиялы және көпэтносты қоғамымызда айрықша назар аудару керек.

Мен Қытайда бірнеше рет болдым және құқықтық тәрбие мен тәртіпті қалай жүзеге асырып отырсыздар деп сұрадым.

— Қытайдан бұл тұрғыда бәрі жақсы ма? Бұл қалай көрініс табады?

— Мысал үшін: пандемия басталғаннан кейін үкімет барлығына бетперде, ал қоғамдық көлікте қолғап киюді бұйырды. Азаматтар бұйрықты орындады. Нәтижесінде Қытайда 5 мыңнан аз адам коронавирустан қайтыс болды, ал АҚШ-та 300 мыңнан астам адам. Цифрлар тіпті салыстыруға келмейді.

Бір қытайлық сарапшы  “ақылдыларға — заң, ал ақымақтарға — таяқ” деген ережесі бар дейді.

Ең бастысы, заң бұзылса міндетті түрде жаза қолданылады, яғни бұлтартпау принципі жұмыс істейді

Ал бізде мұндай жоқ. Есесіне біз “ұсталмады, яғни ұры емес” қағидаты бойынша өмір сүріп жатырмыз. Бұл заң нигилизмін де жою керек. Азаматтар заңды өздері ұстанып қана қоймай, мемлекетке құқық бұзушылыққа қарсы күрес пен оның алдын алуға көмектесуі тиіс.

Біз бұл адам жалақысына мұндай зәулім үй сала алмайтынын нақты білеміз, бірақ соған қарамастан онымен қол алысып амандасамыз, бірақ іштей “жексұрын!» деп тұрамыз. Ойыңдағыны бетіне тіке айта алмасаң да қол алыспай қоюыңа да болады ғой. Бала кезімізде біреулерге бойкот жариялап жүруші едік қой, бүгін де қоғамда солай істесек қайтеді?

Яғни, қоғамда сыбайлас жемқорлық пен непотизмді қабылдамаудың салауатты ахуалын қалыптастыру қажет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз