Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Қазақстандықтар шетелге бір мезетте шамамен 400 мың теңгедей жөнелтеді

1033
Фото: azattyq-ruhy.kz

Ұлттық банктің мәліметінше, 2021 жылдың тамыз айында қазақстандықтар ақша аударымдары жүйесі (ААЖ) арқылы 100,3 млрд теңгені шетелге жіберген. Шілдемен салыстырғанда аударымдар көлемі 8,3 млрд теңгеге өсті. Сонымен қатар, қазіргі көрсеткіш осыған дейінгі кезеңдермен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бір ай ішіндегі ең көп қаражат 2021 жылдың маусым айында ғана жөнелтілген болатын (103 млрд теңге).

Жыл басынан бері ААЖ арқылы шетелге 644,3 млрд теңге кетті. Бұл 2020  жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 185,4 миллиардқа көп. Яғни, елден ақшаның кетуі 40,4%-ға өсті.

Өзбекстанға аударымдар өсуде

Өткен айда аударымдардың жалпы көлемі бойынша елдер арасында Өзбекстан көшбасшы болды. Тамыз айында оған 39,7 млрд теңге жіберілді. Бұл жаңа рекорд. Өткен аймен салыстырғанда аударымдар көлемі 2,4 млрд теңгеден астам өсті. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 23,6 млрд-қа артып, 2,5 есеге көбейді.

Көшбасшыны Түркия (18,4 млрд теңге) өкшелеп келеді. Жалпы, өткен айда Қазақстаннан жіберілген барлық аударымдардың 84%-ы топ-4 елге (бұған Ресей мен Қырғызстан да кіреді) тиесілі болды.

Орташа аударым – шамамен 400 мың теңге

Транзакциялар саны өсуде. 2021 тамызында ол 256 мың болды. Маусыммен салыстырғанда аударымдардың жалпы саны 23 мыңға артты. Жыл басынан бері қазақстандықтар шетелге шамамен 1,7 млн рет ақша жіберген – 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 188,9 мыңға (12,6%) артық.

Аударымдардың саны ғана емес, олардың орташа мөлшері де өсуде. Тамыз айында бұл көрсеткіш 391,9 мың теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 38,1 мыңға артық (алайда, шілде айымен салыстырғанда 3,1 мыңға аз). Ең үлкен орташа аударым сомасының бағыты Армения болып табылады. Тамыз айында бір транзакциямен 1,9 млн теңге жөнелтілді. Бір мезетте аударылған ең аз қаражат Тәжікстанға тиесілі – 130,2 мың теңге.

Кеткенге қарағанда 4 есе аз қаражат келді

Қазақстанға басқа мемлекеттерден жіберілген ақша аударымдарының көлемі өткен айдың қорытындысы бойынша 24,0 млрд теңгені құрады. Бұл шілде айымен салыстырғанда 407 миллионға көп. Айдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар басқа елдерге жіберген қаражаттан 6,3 млрд-қа аз ақша келді.

Ағымдағы жылы алынған қаражаттың жалпы көлемі 186,0 млрд теңгені құрайды. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көлем 8 млрд-қа өсті. Бірақ 2019 жылдың деңгейімен салыстырғанда 46,5 млрд. теңгеге төмендеді. Жалпы, жыл басынан бері ААЖ арқылы жөнелтілген қаражаттың таза көлемі 458,4 млрд.

Қазақстанға аударымдардың жалпы көлемі бойынша елдер арасында тамыз айында Ресей көшбасшы болды. Ол жақтан 5,1 млрд теңге келді. Бір ай ішінде осы бағыт бойынша аударымдар 315,1 млн-ға төмендеді. 12 айда – 1,4 млрд-қа (21,7%) азайды. “Жөнелтушілер” арасында Өзбекстан (3,7 млрд) және Корея Республикасы (3,2 млрд) бар. Үшеуіне бір ай ішінде Қазақстанға шетелден ААЖ арқылы келген барлық қаражаттың 50%-ы тиесілі.

Алынған бір аударымның орташа мөлшері тамыз айында 247 мың теңгені құрады. Шілдеде көрсеткіш іс жүзінде осындай болды — 246,5 мың. Егер өткен жылдың ұқсас айымен салыстырсақ, аударымның орташа мөлшері 5,1 мыңға өсті. Жалпы алғанда, шетелден алынған аударымның орташа мөлшері жіберілгенге қарағанда 59%-ға аз екенін атап өткен жөн.

Қазақстанға аударылған қаражаттың ең көп орташа сомасы Беларусьтан келген. Тамыз айында әрқайсысының орташа мөлшері 934,5 мың теңгені құрады. Республикаға бір мезетте ең аз қаражатты Ресей жіберді — 127,1 мың теңге.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз