Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстандықтар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ел игілігіне бағытталған»

Сауалнама нәтижесінше қатысушылардың 89 пайызға жуығы мемлекет саясатына қолдау білдірген. Әсіресе халықтар достығын нығайтып, ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырып отырған Елбасына алғыстарын жаудырыпты.

Өз кезегінде қатысушылардың 17 пайызы: «Әрине, рухани өзгеріс, рухани сілкініс керек-ақ. Бұған дау жоқ. Дегенмен де әлеуметтік мәселелерді де ұмытпаған, назардан қалыс қалдырмаған жөн», – деген пікір білдіріпті.

Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығметовтің айтуынша, мұның бәрі – кешенді мәселе.

Елдің тыныс-тіршілігімен танысу, одан хабардар болу мемлекеттің ең басты міндеті. Халық пікірі әрдайым маңызды. Себебі соған сай маңызды шешімдер шығарылады. Осы себепті де мемлекеттік  органдарға халықты мазалайтын, тұрғындардың тарапынан қойылатын сауалдарға жауап беру керек. Рухани жаңғыру осыған қалай көмектеседі? Бұдан былай осындай ақпараттарды мемлекеттік өңірлердегі құрылымдарға жеткізіп отыратын боламыз», дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз