Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Қазақстандықтар көбіне қандай жұмыс іздейді

150
Work.ua

Десекте, әйелдер мен ерлер арасындағы нақты айырмашылықтар сақталып отыр, деп жазады «НeadHunter Kazakhstan» веб-сайтында жарияланған бос жұмыс орындарына талдау жасаған ҚазАқпарат.

Ауыр физикалық күшті талап ететін еңбек орындарына ер азаматтарға басымдық беріледі. Бұдан өзге, Еңбек кодексінде әйел адамдар істеуге тыйым салынған бірқатар жұмыс орындары бар болып шықты. Олардың ішінде:

дәнекерлеу, сантехника, тау-кен жұмыстары, қорғасынмен жұмыс істеу, электротехникамен байланысты мамандықтар мен геологиялық барлау.

Hh.kz маркетинг бөлімінің менеджері Дана Қасымованың айтуынша, жер асты жұмыстарымен байланысты жерлерге де көбіне ер адамдар тартылады. Ауыр көтеру, денсаулыққа зияны бар өндірістер және  жарылыс жұмыстары, мұнай өндірісі, кран операторлары арасында да әйелдерге орын жоқ.

Hh.kz сайтының мәліметтері бойынша, ер адамдар көбіне мына мамандықтар бойынша жұмыс істейді:

• автомобиль бизнесі — 92,82%;
• қауіпсіздік — 92,46%;
• басшылық — 68,49%;
• шикізатты өндіру — 85,83%;
• сатып алу — 61,70%;
• монтаждау және қызмет көрсету — 95,60%;
• ақпараттық технологиялар, интернет, телекоммуникациялар — 79,64%;
• өндіріс — 77,98%;
• түрлі қызмет көрсететіндер — 92,53%;
• құрылыс және жылжымайтын мүлік — 79,38%;
• көлік, логистика — 82,41%;
• қызметкерлерді басқару — 79,76%.

Оның айтуынша, әйелдердің бойындағы ұқыптылық, табандылық, адалдық пен шыдамдылық жұмыс беруші компаниялармен жоғары бағаланады. Әйелдер қауымы көбіне мына мамандықтарға басымдық береді:

• экономика — 81,98%;
• есепші — 66,16%;
• медицина — 74,47%;
• ғылым және білім — 79,88%;
• сұлулық пен фитнес салондары — 68,73%;
• сақтандыру қоры — 61,87%.

Соңғы алты айда ерлер арасында ең көп сұранысқа ие кәсіптік бағыттар:

• өз кәсібін бастау — 16,43%;
• сату — 11,54%;
• өндіріс — 9,21%;
• көлік, логистика — 8,60%;
• IT, телекоммуникация, интернет — 8,48%.

«Ер адамдардың 44,29%-ы 142,5 мыңнан 285 мың теңгеге дейін жалақы алғысы келеді»,

— деп атап өтті компания өкілі.

Сондай-ақ, HeadHunter Kazakhstan ұсынған ресми мәліметтері бойынша, әйелдер қауымы өздерінің түйіндемелерін келесі кәсіби бағыттарда орналастырды:

• еңбек жолын алғаш рет бастау;
• бухгалтерлік есеп;
• басқарушылық есеп;
• қаржы компаниялары;
• сату;
• әкімшілік қызмет көрсету;
• банктер;
• инвестициялық жоба ұсыну;
• лизинг.

Әйелдер арасында ең көп талап етілетін еңбекақы мөлшері — 100 800-ден 201 700 теңгеге дейін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз