Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстандықтар аңқау және қияли әңгімелерге сенеді. Бұны алаяқтар пайдаға асырады

200

Телефон алаяқтары көбейіп кетті

Касперский зертханасы Қазақстанда жағдайды зерттеді. Нәтижесі мынаны көрсетті:

  • 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында әрбір үшінші қазақстандық қаржы ұйымдарының атынан қоңырау шалатын алаяқтардың құрбаны болды,
  • Арам пиғылдылардың 73%-ы жеке телефон нөмірі бойынша хабарласады,
  • қоңыраулар дүйсенбіден бейсенбіге дейін, таңғы 11-ден кешкі 18 аралығында болады. Сонымен қатар, олар адамдар демалыстың алдында сәл босаңсып қалатындықтын бейсенбі күні кез келген ұсынысқа оңай көнетінін пайдаланады.

Жағдайдың 43%-ында арам пиғылдылар СМС хабарламадағы кодты немесе карта деректерін білуге тырысты.

Жағдайда 22% -ында олар ақшаны қауіпсіз шотқа аударуға көндіреді.

Егер Қазақстан тұрғындарына алаяқтардан келген залалдың жалпы сомасын есептейтін болсақ, 2020 жылдың бірінші жартысында бір адамға 12 мың теңгеден келеді екен!

Күмәнданып тұрсаңыз, телефон тұтқасын қоя салыңыз!

Сарапшылар  ішкі сезімге құлақ асып, іс-әрекеті, сөзі күмән тудырған адамдармен сөйлеспеңіздер деп кеңес береді.

— Нағыз банк қызметкері сізден кодтар мен парольдерді атауды сұрамайды. Әдепсіздік танытудан қорықпаңыз және бірден телефон тұтқасын қоя салыңыз! — деп кеңес береді Орталық Азия, ТМД және Балтық елдеріндегі «Касперский Зертханасының» басқарушы директоры  Евгений Питолин.

Бұдан кейін шын мәнінде банктен хабарласты ма көз жеткізіңіз дейді.

Адамдар тегін несие мен ғажайыптарға сене береді

Евгений Питолиннің айтуынша, біздің адамдар ғажайыптарға сенеді. Сондықтан олар ұтыс немесе тиімді несие алу туралы ұсыныстарға алданып қалады. Әдетте, осы схема бойынша алаяқтар қандай да бір шотқа аз мөлшерде ақша аударуды сұрайды.

Көбінесе киберқылмыскерлер:

  • қаржы ұйымының қызметкерлері,
  • мемлекеттік органдардың немесе қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері,
  • хабарландыру сайтында сатушы,
  • онлайн дүкен қызметкерлеріміз деп таныстырады.

Бұл ретте алаяқтардың 47%-ы қақпанына түсіргісі келген адамға аты-жөнін атап жүгінеді, ал 31%-ы тегі мен әкесінің атын да біледі. 14%-ы тіпті адамның шоты ашылған банкті атай алады. Сарапшылардың пікірінше, мұны болжау оңай, өйткені Қазақстанда соншалықты көп банк жоқ.

Ал төлем карталарының нөмірлерін еш ойланбастан, сақтық шараларынсыз жария пайдалануда қалдырамыз

Өзіңізге өзіңіз ғана көмектесе аласыз

Зерттеуге сәйкес, 85% жағдайда біз алаяқтың қармағына түсіп қалғанымызға өзіміз кінәліміз.

Киберқылмыскерлердің шабуылдарынан қорғану үшін не істеу керек?

Психолог Марина Галкина бірінші кезекте әрқашан сыни көзқараста болған маңызды дейді. Оның айтуынша,

алаяқтың өзінің құрбанының бойында қандай да бір күшті эмоция тудыруға тырысады. Мұндай сәтте адам орынды шешім қабылдай алмайды

Арам пиғылдылар сіздің сезімдеріңізді жақсы басқарады. Сондай-ақ ашкөздігіңізбен де ойнауға тырысады.  Адамдар қалай болса да үлкен тегін сыйлық алғысы келеді.

Сонымен қатар, бүгінде қылмыскерлер өз құрбандарының аяушылық сезімін де өз пайдасына асырады.  Көбінесе науқас баланың шотына белгілі бір соманы аударуды сұрайды. Нақты науқастар мен олардың диагнозы туралы деректерді олар арнайы сайттардан жүктеп алады.

— Қазақстандықтар ертегіге сенеді және барлығын тегін алғысы келеді. Бірақ адамдар қауіпсіздігіне өздері жауап беріп үйреніп, сыни ойлауды дамытуы керек.

Пандемия кезінде алаяқтар көбейіп кетті

Еуразиялық банктің атқарушы директоры Светлана Королеваның айтуынша, Қазақстанда алаяқтық ең төменгі деңгейде.

Киберқылмыс бойынша бірінші орынды АҚШ алады. Бұл тізімде алғашқылардың бірі болып Еуропа мен Қытайдан келген алаяқтар бар. Кейбір елдерде банкирлер тіпті банкоматтарды пайдаланбауға кеңес береді.

Біздің елде пандемия кезінде — 2020 маусым-шілде айларында алаяқтық белсенділіктің күрт өскені байқалады.

Сандық қауіпсіздік ережелері

Банкир Киберқауіпсіздік бойынша қарапайым кеңестер берді.

  • Онлайн төлемдер кезінде сайттың сенімділігін қалай тексеруге болады? Бірінші-мекенжай жолында https код, екінші — құлып белгішесі болуы керек.
  • Дүкендер мен мейрамханалар қызметінің ақысын төлеген кезде терминалды өзіңіздің жаныңызға әкелуін талап етіңіз, ақша сіздің көз алдыңызда шешіліп алынуы керек
  • Карта жоғалған жағдайда оны дереу бұғаттаған жөн
  • Ешқашан картаны немесе жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз
  • Ешкімге және ешқашан PIN-кодты айтпаңыз
  • Бөтен құрылғыда дербес деректерді сақтамаңыз
  • Барлық төлем операцияларын тек бір картаға байлаудың қажеті жоқ
  • Ақшаңызды виртуалды төлем картасында  сақтаңыз

Қылмыс пен жаза

Қазақстанда банктік киберқылмыстар бойынша 40 қылмыстық іс қозғалды. Бұл құқық қолдану практикасының  деңгейі төмен екенін көрсетеді.

Евгений Питолиннің айтуынша, полицияға жүгінетіндер аз.

— Бірден полицияға бару керек. Өтініш жазып, банктің қауіпсіздік қызметіне қоңырау шалыңыз. Тек осылай ғана біз алаяқты жазалай аламыз!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз