Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстандықтар ақшаларын жаратуға қорқады

Nielsen Kazakhstan бөлшек аудитінің басшысы Мадина Сейсенғалиеваның айтуынша, Қазақстанда халықтың көңіл күйін және болашаққа деген сенімін білдіретін тұтынушылық сенім индексі 2017 жылы IV тоқсанда 2 пунктке төмендеп (жыл басындағы өсімнен кейін), 81 деңгейінде тұрақтады.

Алайда қазақстандықтар ресейліктермен (69%), украиналықтармен (61%) және белорустармен (60%) жарысуда жақсы болжамдар жасауда.

«Ұлттық валютаның құнсыздануы сатып алушылардың көңіл күйінде көрініс табуда, олар азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін деп қорқады (16%). Бұдан басқа, қазақстандықтар экономиканың бүгінгі жағдайына алаңдаулы (13%) және жұмысымыздан, күн көріс көзінен айырылып қаламызба деп қорқады (11%)», – деп түсіндірді Сейсенғалиева.

Оның айтуынша, құнсызданудан туындаған тәуекелдер қазақстандықтардың басым бөлігін үнемдеуге көшуге итермелеуде және бұл бүгінгі күннің жаңа шындығы.

«Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 55% шығын көлемін азайту үшін жаңа киімдерді сатып алу шығынын қысқартатынын айтқан. Тағы 50% үйден тыс қыдыруға кететін шығынды қысқартпақшы. Ал, тағы 41% еңбек демалысы мен демалыс шығынын азайтпақшы. Сонымен қатар, 36% техниканы жаңарту сынды мәселелерді кейінге қалдырмақшы. Мысалы телефон, тұрмыстық техника немесе кампьютер сатып алу және т.б. Сатып алушылардың 33% күнделікті сұраныстағы заттарды алу үшін арзанырақ брендтерге көшпекші», – деп түсіндірді Сейсенғалиева.

Сарапшы атап өткендей, бүгінде қазақстандықтардың 76% ақшаны жаратудың қажеті жоқ деген сенімде. Ал, ақшасын шашуға дайын елдердің рейтингісінде Қазақстан соңғы ондыққа енді. Алайда бұл жолы да ол Ресей (82%), Украина (86%) мен Беларусь (88%) елдерін басып озды.

Осы ретте, айта кетер болсақ, Түркия, Дания мен Германия тұрғындары өздерін жақсы сезінеді, олардың ақшаны жаратуға дайындығы сәйкесінше 60%, 55% және 52% құрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз