Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстандық заңгер Боратты сотқа берді

310
Дереккөзі: «Кинопоиск»

Бұл туралы заңгер өзінің Facebook-тегі жазбасында айтады.

«Жаңа фильмнің «Борат туралы келесі фильм: бір кездері даңқты Қазақстан халқының пайда табуы үшін американдық режимге үлкен пара беру» деп аталатынын бәрі бірдей біле бермейді.

Мен бүгін фильмнің атауына қатысты сотқа шағым түсірдім. Келесі дүйсенбіде соттың менің шағымымды қабылдайтыны немесе қабылдамайтыны белгілі болады. Қабылдайды деп үміттенемін!

Бораттың қарсыластары келесідей дәлел келтіреді:

Бірінші. Фильм Қазақстан туралы емес. Қалай сонда? Фильмнің атауында Қазақстан туралы жазылған. Тіпті атын оқыған әрбір адам бірден біздің еліміз туралы ойлайды.

Екінші. Фильмді елемеу керек, өйткені мән беріп, дау көтеру арқылы, біз фильмді жарнамалаймыз. Тағы да бос әңгіме. Елемесек, жарнама жасамаймыз деуге болмайды. Фильм  ең беделді «Амазон» ресурсында жарнамалануда, біздің елемеуіміз оған әсер етпейді.

Үшінші. Фильм адамдарды емес, шенеуніктерді мазақ етеді. Мүлдем олай емес, олар қарапайым адамдарды мысқылдайды.

Төртінші. Біздің елімізді кездейсоқ алды. Тағы да бос әңгіме. Коэн ақымақ емес. Ол бәрін алдын ала жоспарлаған. Әлемде 200-ден астам ел бар. Ол нақты  бізді таңдады.

Бесінші. Фильм Қазақстанға жарнама жасайды, бізге туристер көптеп келетін болады.

Мүлдем олай емес. Ондай жарнаманың не қажеті бар? Оны жарнама деудің орнына, Қазақстанның атына кір келтіру деу керек. Бұдан кейін ешкімнің біздің елге келгісі келмейтіні анық

Алтыншы. Барлығы біз туралы гуглден іздейтін болады. Ешкім мұндай әрекетке бара қоймас. Іздесе де онда біз туралы жақсы мәліметтер аз.

Жетінші. Бізде одан басқа да маңызды мәселелер бар. Иә, шешілмеген мәселелер өте көп.  Бірақ Борат —  басымызға жабысқан жаңа мәселе. Онымен күресу керек. Сонда бұрыннан бірнеше ауруы бар адам жаңа сырқатын емдемей ме?

Сегізінші. Мемлекет бізді Бораттан гөрі көбірек қорлайды. Сонда басқа қорлауға назар аудармаймыз ба? Бұл бірнеше адамнан жәбір көріп жүрген адамның, ең үлкен қорлау көрсеткеніне ғана жауап қатып, басқаларын елемеуі секілді.

Тоғызыншы. Борат басқаларға қарағанда Қазақстанды көбірек танытып, біздің пайдамызға жұмыс істеуде. Коэн бізді таныту туралы ойына да алған емес. Ол бізге мән бермейді, бұл оның бизнесі.

Оныншы. Көбісі Борат  біздің қытығымызға тимейді дейді.  Сіз Борат үшін намыстанбасаңыз, ол сіздің жұмысыңыз. Бірақ Борат Қазақстанға зиян келтіруде. Шетелдіктерде біз туралы өте жағымсыз пікір қалыптасады. Бораттың кесірінен қазақстандықтарды шетелде  қорлауда. Олардың арасында шетелде оқитын біздің балалар да бар. Егер Бораттың кесірінен кем дегенде бір адамымыз ренжіген болса, онда оған қарсы күресу керек», —дейді Сүлейманов.

Ол әлемде де кез келген командадағыдай ережелер бар деп тұжырымдады.

«Егер біреу ренжіткеніне қарамастан адам үнсіз қалса, оны үнемі аяқтың асына алып таптайтын болады. Барлық жерде қайталанады. Әскерде де, жұмыста да. Мемлекеттер арасында да осындай ереже бар. Кеше Ердоған Макронды есінен адасқан деді.  Еуропалық одақ бірден Макронды жақтады. Ал біздікілер болса үндемей, ескермеу керек деп айтар еді», — деді заңгер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз