Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстандық делегация Грузияда болып қайтты

Делегация мүшелері Грузия Жоғарғы Сотының төрағасы Нино Гвенетадзе ханыммен кездесті.

Грузия тарапынан кездесуге Әділет министрлігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Конституциялық сот, Жазаны орындау және пробация министрлігі, Адвокаттар қауымдастығы, Заңи көмек қызметі, Заң фирмаларының қауымдастығы, Әділет жоғарғы кеңесінің өкілдері, сондай-ақ Тбилиси қалалық және апелляциялық соттардың судьялары қатысты. Әңгімелесу барысында Грузиядағы сот реформалары мен қылмыстық сот төрелігі жүйесінің мәселелері талқыланды. Грузияның тәжірибесінің ерекшелігі, қысқа мерзім ішінде қылмыстық сот ісін жүргізудің еуропалық үлгісіне көшуді жүзеге асырып, оны өте тиімді қолданатынын атап өткен жөн.

Кездесу соңында қазақстандық делегацияның басшысы гүржі тарабына жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдірді және құқықтық салада өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту қажеттігін айтты.

Осы күндері Тбилиси қаласында «Активтерді қайтару және киберқылмыстылық» тақырыбына Халықаралық прокурорлар қауымдастығының VIII Шығыс-еуропалық және орталық-азиялық өңірлік конференция өтіп жатқанын атап өту қажет. Конференцияға әлемнің 27 елінен 150 қатысушы және 7 халықаралық органдар мен ұйымдардың өкілдерін жиналды. Біздің тарапымыздан оған Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов қатысты.

Прокурорлар ұрланған, оның ішінде электронды валюта түріндегі активтерге тыйым салу мен тәркілеу бойынша халықарылық ынтымақтастықтың, құқықтық көмек туралы сұраулардан тыс ресми емес ынтымақтастықтың, тыйым салынған мүліктерді басқарудың көкейкесті мәселелерін қозғады.

Форум шеңберінде Марат Ахметжановтың Грузия, Украина, Беларуссия, Ұлыбритания, Украина, Өзбекстан бас прокуратураларының басшыларымен, сондай-ақ ХПҚ басшылығымен келіссөздері өтті.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз