Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ миссиясына қашан жіберілетіні белгілі болды

«Осы себепті де әрбір 6 алты ай өткенде біз ротаның жауынгерлерін ауыстырып тұрамыз», – деп нақтылады министрдің орынбасары.

Айтуынша, қазірде «Қазполк» БҰҰ стандарттарымен дайындықтан өтуде.

«Қазполк» әскери қызметшілері ағылшын, түрік, неміс және араб тілдерін емін-еркін меңгерген.

Сонымен бірге, теориялық және тәжірибелік дайындықтары түрлі байқаулар, семинарлар мен оқу-жаттығулармен шыңдалды. Бұл шаралар Қазақстаннан бөлек АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Германия, Франция, Үндістан, Пәкістан және басқа да елдерде ұйымдастырылды», – деді ол.

Осы орайда Қорғаныс министрінің орынбасары БҰҰ миссиясы жайында аз-кем ақпаратпен бөлісе кетті. 

«Биылғы жылдың 15 маусымында Қазақстанның Парламенті еліміздің Конституциясының 53-бабына сәйкес, 40 адамға дейін әскери бақылаушылар мен штаб офицерлерін БҰҰ-ның бірқатар бітімгершілік миссияларына жіберу шешімін жасады.

Сонымен қатар 120 адамға дейінгі бітімгершілік ротаны Ливандағы БҰҰ-ның Уақытша Күштерінің құрамына жіберу жолымен бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін бағыттау туралы шешім қабылдады», – деді ол.

Естеріңізге сала кетелік, былтырғы жылғы 1-ші қаңтар айынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесіне  тұрақты емес мүше ретінде қызметін жүзеге асырып келеді.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан жаһандық бейбітшілікті қолдау жөніндегі миссиялардағы өзінің әскери бақылаушылары және бітімгершілерінің санын арттыруға ниетті екенін мәлімдеген болатын.

“БҰҰ-ның миссиясына контингентті жіберу тек халықаралық қауіпсіздікті нығайту ісіне салмақты үлес қосып қана қоймай, Қазақстанның әлемдік қауіпсіздіктің жауапты мүшесі ретінде, оның ішінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуының қорытындысын шығаруы аясында беделін нығайтады”, – деген болатын Мемлекет басшысы. 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз