Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстандық банктер ұшыраған үш қарғыс

394

Банк — экономиканың көрінісі

Бұл туралы “БанкЦентрКредит” АҚ Басқарма төрағасы Ғалым Хұсайынов мәлімдеді:

— Банк секторы бастан кешірген дағдарыс банктерді тәуекелдерді бағалауға үйретті. Біз қарыз алушыларды бағалаудың неғұрлым қатаң тәсілдерін қолдана бастадық. Бұл несие алуға қабілетті қарыз алушылардың азаюына әкеледі. Жалпы, үш ықтимал тәуекел бар. Бұл:

• макроэкономикалық,
• кредиттік, оны банктер бағалайды,
• алаяқтық, бұл әдетте акционерлермен байланысты болады.

Қазақстанның жолы болмағандығы осыда — біз осы үшеуімен бетпе-бет келдік, — деді ол.

Ғалым Құсайынов

— Біз банк дағдарысы туралы үнемі айтып отырмыз, бірақ банктер экономиканың жай-күйін көрсететінін ескеру қажет. Және

егер экономикамыз бір орында тұрса, банктер де қысқартылады

Ал егер экономика өсіп, дұрыс реформалар жүзеге асырылса, банктер саны да өсетін болады, — дейді Хұсайынов.

Тұйық шеңбер

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, сондай-ақ ресурстық қарғыс туралы айтады:

— Ұлттық банк нотасындағы 4,8 триллион теңге, бұл экономиканы несиелендіруге бағытталуы мүмкін өтімділік. Алайда бұдан сұрақ туындайды: бұл несиелендіру пайдалы бола ма? Жауап: жоқ. Себебі мемлекеттік бағдарламалардың көптігіне қарамастан, экономикадағы кредиттік тәуекелдер әлі де сақталып отыр.

Бәлкім, сол “ресурстық қарғыс” — бұл біздің экономикамыздың ерекшелігі болар

Басқаша айтқанда 90-шы және 2000-шы жылдары болған “голланд ауруы” табанымызды басып келеді. Нәтижесінде ШОБ-та жұмыс орны жеткіліксіз. Мұнай мен металдар секторында да осы жағдай, – дейді ол.

Есептердегідей бәрі жақсы емес

Оның пікірінше, Қазақстанға серпіліс жасау қажет, бірақ қазір өсу нүктелерінің жоқтығы байқалады. Ал бұл жаңа жұмыс орындарын құру процесін созады.

Елена Бахмутова

— “Банктер толығымен тазартылды ма” деген сұрақ көпті мазалайды. Әрине, жүйелік сілкіністер болады деп күтілмейді. Бірақ банк активтеріндегі проблемаларды біз толық мойындадық десек, өтірік айтқан бола едік. Бұған Fitch Ratings ҚЕХС 9 бойынша активтерді бағалаудың алдын ала талдауымен жуырдағы есебі дәлел бола алады. Нәтижесінде,

егер біздің бағалауымызша банктердің проблемалық кредиттерінің портфелі орта есеппен 9,2% құраса, онда Fitch бағалауы бойынша ол 30%-ға дейін жеткен

Бұл факторды банктер ресми мойындамайынша, бұл несиелендірудің өсуіне теріс фактор болады, — деп есептейді Бахмутова.

Оның айтуынша, дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін Қазақстанда ЖІӨ өсімі жылына кемінде 4% құрауы керек. Ал консервативтік бағалаулар бойынша Қазақстан мұнайсыз сегментте тек 1% ғана ие бола алады.

Қауіпті тренд

Елдар Әбдіразақов, Kazakhstan Growth Forum төрағасы, өз кезегінде, 90-шы жылдардан бастап, негізінен мемлекеттік бағдарламалардың жолсеріктері болған банктер аман қалғанын атап өтті. Және бүгінгі күні осы қалпын сақтап тұрғандар өзін жақсы сезінеді.

— Біз банк операторлары бүгінде мемлекеттік, не квазимемлекеттік болып жатқанын көріп отырмыз, – деп атап өтті ол.

Елдар Әбдразақов

Дегенмен, Бахмутова атап өткендей, тұтынушылық, оның ішінде банктік емес несиелендірудің арту тренді қауіпті. Халық үшін де, банк секторы үшін де.

— Өкінішке қарай, бізде тұтынушылық несие беру реттелетін субъектіде — банктерде, сондай-ақ МҚҰ-да қолжетімді бола түсті. Азаматтық кодекс арқылы мөлшерлемелерге шектеу қойылса да, біздің ортамызда осы талаптарды орындау мен мониторинг мәселесі соңына дейін мүмкін емес.

Халық бізде жоғары қаржылық сауаттылығымен ерекшеленбейді, адамдар өз тәуекелдерін бағалауды үйренбеген

Егер құжаттардың үлкен тізімін ұсынбастан қолжетімді несие алуға болатын болса, олар салдары туралы ойламай, соған барады. Бұл жағдайда сыртқа жақсы көрінген қарыз алушы шын мәнінде жаман болып шығады. Өйткені басқа жерден тағы несие алған. Бүгінде бұл проблеманы көптеген банктер көріп, түсінді. Бірақ оны тыйымдармен емес, ақпараттандырумен шешу керек, — деп есептейді ол.

Қандай әрекеттер мен реформалар қажет?

Жалпы алғанда, Елена Бахмутова, мемлекеттік бағдарламалар мен қайта құрылымдаулардың көптігі соңғы уақытта асыранды көңіл тудырды дейді. Қазір халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру қажет және кредиттердің қайтарылмай қалуына жол бермеу қажет. Ол сондай-ақ Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламалар өзгеруі тиіс екеніне сенімді.

– Кәсіпорындарды қолдаудың өзге тәсілдері болуы тиіс

Осы мағынада кез келген қарыз алушы өзінің кредиттік тәуекеліне сәйкес нарықтық ставкалар бойынша ақша алуы тиіс. Бұл нарықта болуы қажет нарықтық тәртіпті қайта жаңғыртады, — дейді сарапшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз