Қазақстандық еркін күрес шебері, Түркістан облысының тумасы Едіге Қасымбек Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен 18 жастағы балуан алғашқы айналымда моңғолиялық Нарантулга Дармаабазарды 15:12 есебімен жеңді. Ширек финалда ол оңтүстіккореялық Байджун Джангтан басым түсіп, кездесуді 6:0 есебімен аяқтады.