Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Қазақстандық азамат адам өлтіріп, оның денесін шошқаға жем еткен

Тергеу болжамы бойынша, әйел Боголюбовка ауылында тұратын 57 жастағы фермердің ақшасы бар екенін біле тұра сыбайласына оны өлтіруге ұсыныс жасаған.

Ал арам ойларын қылмыскерлер биылғы жылдың 14 ақпанында жүзеге асырған. Отырыстан кейін Қазақстан азаматы фермерді буындырып өлтірген. Артынша оның үйінен 200 мың рубль (шамамен 1 800 000 теңге) ақша тапқан. Ал дәлелдерді жою үшін қылмыскерлер адамның денесін шошқаға жемтік еткен.

Ер де, әйел де кінәларын жартылай мойындады. Олар ұрлаған ақшаларын азайтып айтып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматы тұтқынға алынды, ал оның сыбайласы кәмілеттік жасқа толмаған үш бірдей баласы болғандықтан, ешқайда кетпеу туралы тілхат жазып, үйінде отыр.

Ал қылмыстық іс Омбы облыстық сотында қаралатын болады.

stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз