Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстандық астрофизиктер халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

123

Меморандумға қол қою «ICRANet» директоры, профессор Ремо Руффинидің жақын арада Қазақстанға жасаған сапары барысында жүзеге асырылды. Бұл туралы 365info.kz медиа-порталына Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі хабарлады.

Релятивтік астрофизика классикалық аспан механикасы мен Ньютонның тартылыс заңдары колдануға келмейтін астрономиялық құбылыстар мен ғарыштық нысандарды зерттейді. Мұндай құбылыстарға бөлшектердің жарық жылдамдығына жақын қозғалысы, материяның аса жоғары қысымы мен тығыздығы жатады.

Олардың қатарына галактиканың белсенді ядролары, нейтронды жұлдыздар және «қара құрдымдар» деп аталатын нысандар кіреді. Сондай-ақ ғарыштық сәулелену мен гамма-жарқылдарды зерттеуге де аса маңызды орын берілген.

Аталған барлық ғылыми бағыттарды құрамына В.Г. Фесенков атындағы Қазақстанның астрофизикалық институты кіретін Ғарыштық зерттеулер мен технологиялардың ұлттық орталығы көп жылдардан бері зерттеп келеді. Көрсетілген тақырыптар бойынша қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектері халықаралық деңгейдегі танымал және әлемнің жетекші ғылыми баспаларында жарияланған.

ICRANet релятивтік астрофизиканың халықаралық орталықтары торабының  негізі 2003 жылы қаланған. Бұл торабтың қызметі релятивті физика саласында ғылыми кадрлар дайындауға және зерттеулер өткізуге, сондай-ақ аталған салада халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға бағытталған.

Профессор Ремо Руффени – ірі ғалым, көптеген ғылыми еңбектердің, оның ішінде, Дж. Уилермен бірлесіп жазған «Introducing the Black Hole» классикалық мақаласының авторы. Аталмыш еңбекте астрофизикалық «қара құрдым» деген ұғымға алғаш рет түсініктеме берілген. Оның теориялық жұмыстары Галақтикадағы алғашқы қара құрдымдарды теңдестіруге, жіктеуге алып келді.

Атап айтарлығы, мамыр айында KADEX-2018 Әскери-техникалық қару-жарақтың V халықаралық көрмесі аясында өткен «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық форум барысында «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» акционерлік орталығының президенті Шыңғыс Омаров бір қатар шетелдік компаниялар мен үкіметтік делегациялардың өкілдерімен болған кездесулер мен келіссөздерге қатысты. Олардың арасында Иорданиялық Хашимит Корольдығынан келген қонақтарда болды.

Иорданиялық Хашимит Корольдығының делегациясы Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығының және Фесенкеов атындағы астрофизикалық институттың офисінде болды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мәртебелі қонақтар Алматыға арнайы келіпті.

Орталықтың ғарыш саласында мониторинг жүргізу және Жерді ғарыштағы қашықтықтан зондтау мүмкіндіктерімен танысудың нәтижелерімен, сондай-ақ орталықтың ғылыми-эксперименталдық базасымен және астрафизикалық зерттеулердің перспективаларымен танысқан шетелдік делегация өзара тиімді ғылыми ынтымақтастықты орнатуға және дамытуға қызығушылық танытты.

Р. Руффини. сурет ҚР ҚАӨМ сайтынан алынды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз