Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстандық әйелдер зорлық-зомбылыққа шыдап жүре береді, мұны өзгерту керек

375

Жобаның пиар-директоры Татьяна Эмнің айтуынша, қатысушылар арасында арнайы таңдау жасалмаған.

— Біз барлық ниет білдіргендерді қабылдадық. Қазір жобаға

«Достар» мектебінің оқушылары, 15 жастан 17 жасқа дейінгі 10 қыз қатысты

Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген басқа 24 қатысушы бар. Олар өзін өзі қорғау және психологиялық қолдау бойынша сабақ алғысы келеді. Олардың ішінде ересек әйелдер де бар, олардың біреуі 63 жаста.

Экспресс-курстың құрамына психологиялық және дене жаттығу дайындығы бойынша 10 сабақ кіреді. Сабақты ең үздік мамандар жүргізеді. Қатысушылар 20 сағат бойы тренер, психолог-ментор, диетолог, имиджмейкерлермен жұмыс істейді.

Физикалық күш

«Қауіп-қатерді бақылауға ал» жобасының авторы  Светлана Кан — бір қарағанда өте нәзік әйел болғаымен, 2018 жылы тхэнвондо бойынша әлем чемпионы және абсолютті Азия чемпионы.

Оның айтуынша, қыздарға өзін өзі қорғау курсын өткізу — уақыт талабы.

— Бүгінде әйелдер мен балаларды қорғау өзекті мәселелердің бірі

Жоба #БалаларменӘйелдердіЗорлық-зомбылықтан қорғау республикалық акциясын қолдау мақсатында құрылған.

Әйелдерге арналған қолданбалы өзін-өзі қорғау курсының негізінде қарапайым, бірақ тиімді техникалар қолданылған. Басты шарт — спорттық деңгейді жетілдіру үшін сабақтан қалмай қатысу. Барлық тәжірибе жауынгерлік өнер мен шығыс жекпе-жегінің құпияларына негізделген.

Қатысушыларды үздік жаттықтырушылар құрамы дайындайды. Айтпақшы, жаттықтырушы-ерлер қыздарға аяушылық танытса, Светлана — қатал жаттықтырушы. Ол:

саған қауіп тудырған адамға тойтарыс беру үшін арнайы спорттық дайындықтың болуы міндетті емес, — дейді

Қатысушылардың өздеріне деген сенімін арттырып, қажетсіз күйзелістен арылуға және ең кез келген қауіпті жағдайдан оңай шығуға үйретеді.

Құрбан адамның психологиясы, онымен күресу жолдары

— Жобаның әлеуметтік маңызы зор. Бізге тек әскери өнер бойынша Азия және әлем чемпиондары ғана қолдау көрсеткен жоқ. Қыздармен психология, актерлік шеберлік саласындағы жетекші мамандар, имиджмейкерлер жұмыс істейді, — деп түсіндірді Светлана Кан.

Психолог, санамен жұмыс жасау шебері Виктория Кан  спорттық жаттығудан кейін қыздармен әңгімелесті. Тинейджерлер үшін өте маңызды тақырып: махаббат, жігіттермен және ата-аналармен қарым-қатынас туралы айтылды.

— Адам өмірінде болып жатқан нәрсенің барлығы санада бағдарламаланған. Көптеген адамдар қорқынышпен өмір сүреді. Бірақ біз сенімді және күшті болған сайын, басқалардың бізге деген  сенімі артады. Яғни өмірімізде жағымсыз оқиғалар — зорлық-зомбылық пен қауіп-қатерлер болмайды. Сондықтан санамен жұмыс істеу маңызды.

Психологтың пікірінше

посткеңестік кеңістіктегі әйелдер  көптеген уақыт бойы отбасындағы зорлық-зомбылыққа көніп жүре береді, күйеулерінен кетпейді

Мұның бірнеше себебі бар.

Бірінші — қорқыныш, жалғыздық. Екіншісі — сүйікті болғысы келеді.

Бірақ күйеуін немесе ер адамның көңілінен шығам деп жүріп, әйел өзін өзі бағаламайды. Ол өзінің жай ғана сүйікті бола алатынын және ол махаббатқа лайық екенін түсінбейді.

— Өзіңді жақсы көріп, қорқынышпен күресіп үйрену керек, өйткені олар уақыт өте келе жағымсыз оқиғаларды тартады.

Ханшайымдай болу үшін не істеу керек?

Виктория қыздармен бірінші сабақта мастер-класс өткізді. Қатысушылармен бірге олардың өздерін қаншалықты жақсы көретінін анықтады. Психолог адамдар бірінші орынға өзін қойып, содан кейін ғана бақаларға көңіл бөлу керек деп үйретті.

— Егер әйел бірінші орынға өзінің жарын немесе басқаларды қойып, өзі туралы ойламаса, оны ешкім жақсы көріп, құрметтемейді

Ол эмоционалдық және физикалық зорлық-зомбылыққа тап болады. Мен қыздарға өзіне деген сыйластық пен сүйіспеншілікті қалай дамыту керегі туралы кеңес бердім.

Тәжірбеден кейін қыздардың жүрістерін түзеп, еңселерін көтерді. Бәрі біздің жүріп-тұру мәнерімізге байланысты

Әйелдер жүріп-тұру мәнерін түзеу арқылы, өзіне деген көзқарасын өзгертеді. Энергетикасы өзгереді. Біздің денеміз түпсанамызбен тығыз байланыста.

Үй қызметшісі мен ханшайымның қандай байланысы бар? Қызметші — бүкір, басы төмен салбырап жүреді, ал ханшайым қандай киім кисе де әдемі көрінеді. Себебі ол мәнерлі жүріп-тұрып, еңсесін тік ұстайды.

Жоба дайындаушылар  кез  келген жағдайда өзіне деген сенімді сақтау қажет деп есептейді. Физикалық күшті болуға болады, бірақ психологиялық тұрғыдан дайындық одан да маңызды.

Дайындық қалай жүргізіледі?

Қатысушылар өзін-өзі қорғаудың қарапайым, бірақ тиімді әдістерін үйренеді, физикалық және психологиялық тұрғыдан мықты болады, қауіп-қатерді бірден танып, оған дұрыс әрекет етуді үйренеді.

Атап айтқанда:

  • шабуылға дайын болу, қорғаныс және қарсылық бере білу
  • жарақат алмай, саған қауіп тудырған адамды жеңу
  • өзін-өзі қорғау кезінде қолда бар заттарды пайдалану
  • кез келген қауіп алдында өз қорқынышыңды жеңе білу

Курс соңында әрбір қатысушыға халықаралық сертификат беріледі.

P. S.: елде төтенше жағдай  жариялануына байланысты 16 наурыздан бастап жоба тоқтатылды. Коронавирус бойынша карантиннен кейін жобаны жаңартып, жоғары сынып оқушыларына өткізу жоспарланып отыр

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз