Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанды қанша адам басқарып отыр? Олар қанша айлық алады?

145

Бұл соманың халықтың төлеп жатқан салығынан алынатынын ескерсек, осынша шенеунік әскері елге пайда ма, әлде шығын ба?

Аймақ әкімдіктерінің сайтында көрсетілгендей, еліміздегі облыс басшыларының бес-бестен орынбасары және бір-бір аппарат басшысы бар.

Мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етілетіндіктен, әкімдер мен оның орынбасарларының айлық, жылдық табысы бәріне ашық ақпарат. Былтыр бірқатар өңір басшылары өздерінің айына қанша жалақы алатынын баспасөзге де жария етті.

Мысалы, Ақтөбе облысының басшылығын айлықпен қамтамасыз ету үшін мемлекет қазынасынан айына 3 миллион 300 мың теңге қаражат жұмсалады. Бұл соманың ішіне оның бес орынбасарының жалақысы кіреді. Еліміздегі облыс әкімінің орынбасарлары орта есеппен 500 мың теңге алады.

Қала басшылығының құрылымы дәл солай ойластырылған. 900 мың халқы бар Шымкент қаласын әкіммен бірге оның бес қосшысы басқарады.

Ең қызығы, аудан басшылығында да осы жағдай.

13 мың адам тұратын Қостанай облысындағы Қамысты ауданын бір әкім мен оның үш орынбасары басқарады. Әкімдіктің жұмысын ұйымдастыратын аудан әкімінің аппарат басшысы тағы бар.

Сондай-ақ, қоғам белсенділері соңғы жылдары облыстардағы басқару органдары – ведомстволардың санының күрт өскенін байқаған. Қазір аймақтарда 20-дан астам басқарма жұмыс істейді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де елдегі шенеуніктер санының көптігімен күресіп келеді. Алайда олардың қысқаратын түрі жоқ.

Мысалға бір ғана министрлікті қарастырып көрейік. Тамара Дүйсенова басқаратын Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігі 14 департаменттен, 34 басқармадан тұрады екен. Онда 191 адам қызмет етеді.

Еліміздегі министрлікте қызмет ететін “Б” корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің қанша жалақы алатыны туралы ақпаратты екі жыл бұрын инвестиция және даму министрлігі Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған болатын.

Мысалы, 2015 жылы министрліктегі департамент директоры еңбек өтіліне қарай айына 175 мыңнан 398 мың теңге аралығында жалақы алған. Ал оның орынбасары ресми түрде 156 мың мен 212 мың теңгенің көлемінде айлықты місе тұтқан. Басқарма басшылары – 118 мыңнан 160 мың теңге аралығында, ал бас сарапшы – 106 мыңнан -143 мың теңгеге дейін жалақыға қызмет еткен.

2015жылы елбасы аталған дәрежедегі мемлекеттік қызметкерлердің айлығына жылына 15 пайыз үстеме ақша қосатынын, содан кейінгі жылы, яғни 2017 жылы тағы 15 пайызға көтеру туралы уәде еткен.

Көптеген елдерде шенеуніктердің жалақысы еңбек өтілі емес, олардың қызметінің нәтижесіне байланысты бекітіледі. Мысалы Ұлыбритания мен Жаңа Зеландияда осындай жүйе қалыптасқан.

Дереккөз: NUR.KZ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз