Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстандағы су тасқыны: 8,8 млн текше метр қар қайда шығарылады?

340
ustinka.kz

Дәл сол кезеңде құтқарушылар мен “Қазгидрометтің” болжамдары қуантарлық емес еді. Күннің жылынуы мен мол түскен қар су тасқыны құбылыстарының орын алатынына кепілдік берді. Еліміз бойынша 505 елді мекенге қауіп төніп тұр.

Салдары ғана емес, себептері де жойылады

ҚР ІІМ ТЖК мәліметі бойынша, мемлекет тасқынға қарсы күрес бойынша бірқатар алдын алу шараларын қабылдауда.

— 2017 жылдан бастап су тасқыны қаупінің алдын алу және жою бойынша жол картасы жүзеге асырылуда, — деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Талғат Нұрмағамбетов. — Барлығы 2017 жылдан 2020 жылға дейін 637 іс-шара іске асырылатын болады.

Не істелді?

• 174 қорғаныс бөгетін салынды және бекітілді,
• өткізу қабілетін арттыра отырып, 119 гидротехникалық құрылыстар мен 64 көпір жөнделді,
• тек соңғы жылда 240 км бөгет салынды және жөнделді,
• елді мекендерде 55 шақырым үйме жасалды,
• су тасқыны қаупі бар өзендердің 493 км арнасында жұмыстар жүргізілді.

2019 жылы су басуды болдырмау үшін жергілікті билік өз күшімен 8,8 млн текше метрден астам қар шығарды. Сонымен қатар, 10 мың тонна отын, 256 мың тонна инертті материалдар, 1 млн қап және 10 тонна жарылғыш зат әзірленді. Республика бойынша автомобильдік темір жол көпірлері астындағы 16 мың су өткізу құрылыстары тазартылды.

Талгат Нурмагамбетов

— Ауыл шаруашылығы министрлігі су тасқыны суын сақтау, жинақтау, бөлу және қалпына келтіру, шалғайдағы жайылымдардағы малды суаруға арналған суландыру құрылыстарын (құдықтарды) жайластыру бойынша жоспарды іске асыруда, — деп атап өтті Нұрмағамбетов. — Жоспарға сондай-ақ жайылма суару жүйесін қалпына келтіру, ауыл шаруашылығына қажетті су жинақтау қоймасын салу жөніндегі іс-шараларды қарастырады.

3 жылға шамамен 400 млрд теңге

Әрине, осы жұмыстың барлығын құтқарушылар мен жергілікті билік ғылыми топтардың тікелей қатысуымен жасайды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ЖОО-мен 15 екі жақты меморандумға қол қойылды және жүзеге асырылуда

Сонымен қатар, ТЖК-да дүлей апаттардың алдын алу және оларды жоюға берілген жалпы бюджет туралы ақпаратты айтты. Бұл шаралар үшін жыл сайын үкіметтің арнайы резерві құрылады.

Ол үш компоненттен тұрады:

• төтенше резерв,
• табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерв,
• шұғыл шығындарға арналған резерв.

2019 жылы төтенше резервте 11,9 млрд теңге, шұғыл шығындарға арналған резервте 7,5 млрд теңге қарастырылған.

— 2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерінің алдын алу және жою бағдарламасы аясында жалпы шығын көлемі 387 млрд теңгені құрайды, — деп түсіндірді ҚР ІІМ ТЖК. — Республикалық бюджет 91 млрд теңгемен, ал қалған 296 млрд-ты жергілікті бюджет қамтамасыз етеді. Қызылорда облысының әкімдігі Сырдариядағы су тасқынына қарсы күреске қосымша 2,9 млрд теңге алды, ал Петропавлға қоршау бөгетін қайта құруға 2,6 млрд. теңге үкіметтік көмек көрсетілді.

Жалғасы бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз