Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстандағы орташа жалақы 198 мың теңге болады. Бұл қаншалықты рас?

113

Ұлттық экономика министрлігінің деректерін LS ақпараттық агенттігі келтіреді, 2020 жылы жұмыссыздық 4,8% — дан 5,8% – ға дейін өседі. 30 мыңға жуық қызметкерге қажеттілік артады — 169-дан 196,7 мың адамға дейін. Орташа жалақы бойынша да көңіл қуантарлық статистикалық болжамдар жасалған — айына 185,5-тен 198,2 мың теңгеге дейін өседі.  Алайда нақты орташа жалақы 1%-ға өсудің орнына, 3%-ға қысқарады.

Елдегі қазіргі экономикалық жағдайды ескерсек, министрліктің болжамдарына қаншалықты сенуге болады. Бұл туралы экономист Әсет Наурызбаев айтып берді.

Дағдарыстың түбі тереңде

— Еліміздегі ірі қалаларға карантин режимі енгізілген, ал статистикалық мәліметке сүйенетін болсақ жұмыссыздық тек  1%-ға өседі? Бұл санның қандай сиқыры бар?

— Қазіргі жағдай үлкен қарқынмен өзгеріп жатқандықтан,  болжамның барлығы шындыққа жанаспайды деуге болады. Кез келген басқа санды атауға болады, бәрінің бірдей дұрыс немесе бұрыс болу мүмкіндігі бар.

АҚШ-қа қатысты нені байқап отырмыз? Онда Ұлы тоқырау уақытынан бері қазіргідей жұмыссыздық болған емес. Сондықтан аса үлкен дағдарыс болмайды деп, біз келтірген сандар шындыққа жанасайды.

Сонымен бірге,

біз карантин режимін енгізуді ертерек қолға алғандықтан, одан ертерек шығуымыз мүмкін

Бұл жағдайда біз тезірек қалпымызға келеміз. Экономика бір орында тұрақтап қала алмайды, адамдар өз жұмысын жалғастыруда. Мен осылай болады деп үміттенемін.

Әсет Наурызбаев, сурет: caravan.kz

Ауырғандардың саны белгілі бір деңгейге жетіп, біздің медицина жаңа түскен науқастарды тез арада емдей алатын жағдайға жеткенде, біз кім өліп, кім тірі қалады деген таңдау жасамайтын боламыз. Медицина барлығын құтқара алатын жағдайға жетеді. Сонда ғана жұмыспен қатму көрсеткіштерін ақылға сыйатын деңгейге жеткізе аламыз.

Дегенмен, шағын кәсіпорындар мен компаниялар бәрібір жабылады. Белгілі бір қаржылық қоры жоқтар, үш айдан кейін пайда түспегендіктен банкрот болады. Заң жүзінде олар ешқайда кетпейді, қарыз алып, бизнестерін жаңадан бастайды. Мемлекет те көмектесуге дайын.

Сондықтан жұмыссыздық туралы қандай да бір болжам жасау мүмкін емес, қолымызда еш мәлімет жоқ

Миллионнан астам адамның мемлекеттен көмек сұрағанын ескерсек, дағдарыстың түбі тереңде.  Олардың қаншасы дағдарыстан кейін өздерінің бұрынғы табысын қайта қалпына келтіре алатынын дағдарыстан кейін ғана білеміз.

Арзан жұмыс күшін таңдайды

— 2020 жылы 200 мыңға жуық қызметкерге қажеттілік бар екен. Бұл болжамға сай келу үшін қажетті кәсіпорынның барлығын қайдан аламыз?

— Менің ойымша қызметкерлерге қажеттілікті есептеу әдістемесі жақында ғана енгізілген жаңа жұмыс орындарын ашу бағдарламасымен байланысты болса керек. Бұл болжамның қаншалықты шындыққа жанасатынын дағдарыстан кейін ғана білеміз.

— Статистикалық мәліметте орташа жалақы өседі, ал нақты жалақы 3%-ға төмендейді дейді. Сонда айына 200 мыңға жуық, бұндай сандар қайдан шығып отыр. Ең жоғарғы және ең төменгі жалақы алатын мамандықтарды ескеріп, орташа көрсеткішті шығарып отыр ма? 

— Иә, дәл солай.  Олар барлық есептерінде бюджет пен мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген сандарды қолданады.

Нақты жалақының төмендеуі теңге бағамының төмендеуімен және деваливацияның ықпалымен байланысты. Бірақ деваливация инфляцияға тең емес

Адамдардың барлығы бірдей импорттық өнідмдерді пайдаланбайды. Ал қуат көзі, су, газ — теңгемен төленетін шығындар. Яғни есептерде деваливацияның импорттық азық-түлік бағасының өсуіне әсері ескеріледі. Бұнда теңгенің сатып алу қабілеті төмендейді. Сәйкесінше нақты жалақы да төмендейді.

Қазір инфляцияны қалай есептеуге болады? Өзгерген теңге бағамы инфляцияға әсер етеді. Тұтынушылардың кәрзеңкесіндегі қымбат өнімдердің үлесі азайып, қол жетімді тауарлар көбейеді.  Сондықтан да біз инфляцияны болжаған кезде бағаны ғана емес, сұранысты да білуіміз керек.

Бірақ экономикалық теория  халықтың табысы күрт құлдыраған кезде жұмыс істейді, оны әзірге бағалау қиын. Есептеулер да шындықтан алшақ болады.

— Халықтың 7%-ының табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен де төмен болады дейді министрлік. Жұмыссыздардың саны — 5,8%. Екеуінің арасындағы айырмашылық қайда, олар қалай күн көреді?

— Жұмыссыздар 42 500 теңгеге материалдық көмек алады, сондықтан олар бұл статистикада ескерілмеген. Бұдан басқа, отбасы коэффициенті ескеріледі. Біреу өзі ғана өмір сүреді және оның ақшасы, тіпті мемлекеттік көмек те жеке басын асырауға жетеді. Ал жәрдемақыдан басқа кіріс жоқ үлкен отббасылар бар. Бұндай отбасының әрбір мүшесінің жағдайы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болады.

Қазір экономикалық көрсеткіштерді болжау қиын, себебі дағдарыс әлі қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз