Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Қазақстандағы коронавирус: сауда орталықтарын жапқан дұрыс па, әлде базарларды ма?

352

16 наурыздан бастап, Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілді. Оның бірі ірі сауда орындарының жұмысына қатысты. Алайда азық-түлік дүкендері өз жұмыстарын толық көлемде жалғастыруда. Нақты айтқанда, шектеулер базарлар мен шағын дүкендерге қатысты емес. Бірақ осы сауда нүктелері басқаларға қарағанда халықтың сұранысына ие.

Халық СОСО-ға қарағанда базарларға көбірек барады

Ірі сауда объектілерінің үлесі біршама аз. 2 ай ішінде олар 341 млрд теңгенің тауарларын сатқан. Бұл барлық бөлшек сауданың шамамен 22%-ын құрайды. Шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер бұдан үш есе көп тауар сатқан (1 трлн 049,1 млрд).  Республикадағы барлық бөлшек сауданың 10%- дан азы орта кәсіпорындарға келеді.

Аймақтар бойынша түрлі жағдай орын алған.

Алматы облысы базарларға қарағанда ірі сауда орталықтары сұранысқа ие елдегі жалғыз аймақ

СО-ның бөлшек саудадағы үлесі  49,2%, базарлар– 43,8%. Ақтөбе және Түркістан облыстарында ірі бизнеске тек сауданың үштен бір бөлігі ғана тиесілі. 

Шығыс Қазақстан облысында керсінше сауданың барлығы дерлік (бөлшек сауданың 88%-ы) шағын кәсіпорындардың үлесінде. Қызылорда  (87,4%), Қарағанды (81,1%) облыстарының көрсеткіштері де осыған жақын. 

Сауданың үштен бірі Алматыда жасалады

Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-ақпанында бөлшек сауда көлемі 1 трлн 537,6 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға өскен. Өсу қарқыны осы уақыт ішінде 6%-ды құраған инфляциядан айтарлықтай артта қалып отыр. Бұл дегеніміз, қазақстандықтар көп қаражат жұмсаса да, тауарларды азырақ сатып алдады дегенді білдіреді.

Бұған қоса, бөлшек сауда көлемі қаңтарда –767,1 млрд болса, ақпанда 770,5 млрд. теңгеге төмендеген. Оған теңге бағамының бір сәтте әлсіреуі ықпал еткен.

Қаңтармен салыстырғанда мәмілелер көлемінің азаюы республиканың 17 аймағының 11-інде, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында аса қатты (7%-дан астам) байқалған.

Алматы республикалық көрсеткіштерді түзете алды. 2020 жылдың ақпанында мұндағы бөлшек сауданың көлемі 261,4 миллиардты көрсетті, бұл қаңтардағы көрсеткіштен 1%-ға жоғары. Нәтижесінде  ремси деректер бойынша тауар сатып алуға жұмсалған әрбір үші теңгенің біреуі Алматыда жұмсалған. 

Бұл қаражаттың басым көпшілігін халық шағын дүкендер мен базарлардағы нарықтарда қалдырған. Ол оңтүстік мегаполистегі сауда көлемінің 64%-ын құрайды. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз